125
coracoіdeum — құс тұмсық) — құстұмсықша сүйек,
қарға сүйек; құстардың иық белдеуіндегі ең ірі сүйек.
Коренные зубы – азу тістер.
Корнцанг – корнцанг, қысқыш (хирургиялық аспап).
Коронарная недостаточность – жүрек қан айналымының
бұзылуы.
Корпус (лат. corpus — дене) – дене.
Кортиев орган – Корти (итальян ғалымының атымен)
мүшесі, иірілімді мүше (ішкі құлақ ұлу өзегіндегі
есту мүшесі).
Кости голени (ossa crurіs; лат. os — сүйек, crurіs —
сирақ) — сирақ сүйектері;
жануарлар артқы аяғы
қаңқасының еркін қозғалатын бөлімі ортаңғы
бөлігінің сүйектері (асықты жілік, шыбық сүйек).
Кости предплечья (ossa antebrachіі; лат. os — сүйек;
ante — алдыңғы, алдында; brachіum — иық,
тоқпан
жілік) – білек сүйектері (кәрі жілік, шынтақ сүйек);
жануарларда — алдыңғы аяқтың еркін қозғалатын
бөлімі ортаңғы бөлігінің қаңқа сүйектері.
Костная мозоль — шор, сүйек шоры.
Костная ткань (textus osseus; лат. textus — ұлпа, os —
сүйек) — сүйек ұлпасы; қаңқа дәнекер ұлпасы.
Костный мозг – сүйек майы, жілік майы.
Кость (грек. osteon —, лат. os – сүйек) – сүйек.
Костяк – сүйек қаңқасы (скелет).
Косяк — үйір (үйір жылқы).
Котиледон (грек. cotіledon — ыдыс) – котиледон;
ұрықтың сыртқы бүрлі қабығы (хорион)
бетіндегі
алланто—хорион бүрлерінің пішіні ыдысқа ұқсаған
аралшық тәрізді жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: