Авторлар:
Күмісқали Джанабеков,
биология ылымдарыны кандидаты, профессор;
Гүлмира Күмісқалиқызы Джанабекова,
биология, ылымдарыны докторы, доцент
5
КІРІСПЕ
Ветеринарлық сөздік терминдерін терер алдын-
да термин, терминология және номенклатура деген
атаулардың мәніне тоқтала кетейік.
Термин (лат. termіnus – шекара, шегі, термин) –
арнайы ғылыми мағнаны анықтайтын сөз, немесе сөз
тіркесі. Терминге тән қасиет – бірмағналық (моносемия,
грек. monos – бір, біреу; semeіon — белгі). Терминнің
қазақша баламасы – атауыш. Атауыш ғылыми
түсінігінің мәні анықтауыш (лат. defіnіtіo – анықтауыш)
арқылы анықталады. Ғылыми терминдердің, оның
ішінде ветеринарлық терминдердің көзі – латын және
көне грек тілдері. Бұл тілдер 2000 жылдан астам
мерзім ішінде сөйлеу тілі ретінде өздерінің маңызын
жоғалтқан. Латын және көне грек тілдерінің әр бір
сөздері бірмағналық ойды айқындап, халықаралық
ғылыми терминге немесе номенклатура атауларына ай-
налады.
Терминология (лат. termіnus – термин; грек. logos
– ілім) — ғылыми түсініктер туралы ілім. Ол – белгілі
бір ғылым ауқымы түсініктер жүйесіндегі ғылыми
терминдердің мәнін анықтау үшін қолданылып жүрген
атауыштар (сөздер немесе сөз тіркестері) жиынтығы.
Номенклатура
(лат.
nomenclatura – атау-
лар жиынтығы) – белгілі бір ғылым ауқымында
қолданылып жүрген атауыштардың мен катего-
риялардың жиынтығы. Белгілі—бір ғылымның номен-
клатурасы – сол ғылым мамандарының халық аралық
конгресстерінде (лат. congressus – жиналыс, мәжіліс)
бекітіледі. Оқулықтар, оқу құрал
дарын, ғылыми ту-
ындыларды жазу барысында, терминдердің қаншама
қазақша баламасын пайдаланғанмен, осы аталған но-
менклатуралардан алшақ кетуге болмайды.
|