153
Надлопаточная артерия (arterіa suprascapularіs; грек.
aer – ауа, tereіn — ішінде; лат. supra — үсті, scapula
— жауырын) – жауырынүсті
артериясы; қолтық
артериясының тармағы. Ол жауырын аумағының
терісі мен теріасты бұлшықетін тамырландырады.
Надлопаточный нерв (nervus suprascapularіs; лат.
nervus – жүйке, supra — үсті, scapula – жауырын)
– жауырынүсті жүйкесі; иық торабы жүйкелеріне
жатады. Ол
иық буынын, жауырынды, оның сыртқы
бетіндегі бұлшықеттер мен теріні жүйкелендіреді.
Надпочечник (glandula suprarenalіs, лат. glandula – без,
supra — үсті және ren – бүйрек) – бүйрекүсті безі;
бүйректің ішкі және
жоғарғы жағында орналасқан,
пішіні бүйрекке ұқсас, бірақ мөлшері кіші жұп ішкі
секреция (эндокринді) безі.
Надхрящница – шеміршекқап.
Надрез – тілік.
Наждак – зімпара.
Назальный (лат. nasus – мұрын) – дене мүшелерінің
“мұрын жағы” деген мағына беретін морфологиялық
термин.
Наковальня
– төс (ортаңғы
құлақтағы есту
сүйекшелерінің бірі).
Достарыңызбен бөлісу: