Қазақстан республикасы білім және ғылым


Бағдарламаның білімдік мақсаттары (Educational Goals of the



Pdf көрінісі
бет9/23
Дата06.06.2022
өлшемі480,71 Kb.
#36417
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
3.22 Бағдарламаның білімдік мақсаттары (Educational Goals of the 
Programme) – жоғары білімді мамандар дайындаудың белгіленген бағыты
деңгейі және бейіні бойынша білім беру бағдарламасын жүзеге асырудағы 
күтілетін нәтижелердің жиынтығы. 
3.23 Бағалау (Assessment/Evaluation) – бұл талдау нәтижесінде 
жинақталған мәліметтер мен айғақтарды түсіндіру. Баға бағдарламаның 
білімдік мақсаттарына қол жеткізу деңгейін, студенттердің оқу нәтижелерін 
айқындап, бағдарламаны жетілдіруге қатысты шешімдер мен әрекеттерге 
алып келеді. 
3.24 Сапаны қамтамасыз ету саласындағы саясат (Policy in the 
Field of Quality Assurance) – бұл жұмыс ұжымында жан-жақты талқылау 
негізінде жоғары басшылықпен ресми бекітілген сапаны қамтамасыз ету 
саласындағы ұйымның негізгі бағыттары мен мақсаттары. 
Сапаны қамтамасыз ету саласындағы саясат ұйымның даму бағытын 
айқындайды. Ұйымның басшылығы бұл құжатта өзінің барлық мүдделі 
тараптарына (тұтынушылар, қызметкерлер, жеткізушілер, жалпы қоғам және 
т.б.) қатысты ұстанатын негізгі басымдықтары мен құндылық бағыттарын 
жария етеді. Сонымен қатар, бұл құжатта белгіленген басымдықтар мен 
құндылық бағыттарын жүзеге асыру үшін алдағы уақытта басшылықтың не 
атқаратындығы көрсетіледі. 
3.25 Білім беру біліктіліктерін тану (Recognition) – бұл бір жағынан, 
шетелдік білім беру біліктіліктерінің маңыздылығын уәкілетті органдардың 
ресми растауы, басқаша алғанда, шетелдік біліктілік иесінің білім 
және/немесе кәсіби қызметіне қол жеткізу мақсатында оның қабылдаушы 
тараптың білім беру жүйесіне және жұмысқа орналасуына жағдай жасау. 
3.26 Дипломға қосымша (Diploma Supplement, DS) – бұл біліктілік 
иесінің оқыған, игерген және табысты аяқтаған сипатын, деңгейін, 
контекстін, мазмұнын және мәртебесін сипаттау үшін пайдаланылатын, 
жоғары білім туралы ресми құжатқа жалпыеуропалық стандартталған 
қосымша. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет