Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет101/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36702
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   244
Байланысты:
1567089479235 (2)

Оқу процесінде білім алушыны ынталы, қызығушылығы жоғары, дербес, 
сенімді, жауапты, талдау жасай алуға бағыттайтын оқытудың түрлі 
формалары ұсынылады: 

мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы білім 
алушыларды ынталандыра және дамыта оқыту; 

білім алушыларды зерттеу және зерттеушілік жұмыстарын жүргізуге 
негізделген белсенді оқытуды ұйымдастыру;

білім алушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту;

білім алушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік 
тапсырмалар құрастыру;

білім алушылардың жеке, жұптық, топтық және тұтас сыныптық 
жұмыс түрлерін ұйымдастыруды қолдану; 
-
оқу процесінде тарихи құжаттардың фрагменттерін талдау, ақпарат 
жинақтау және қорытынды жасау, себеп-салдарлық байланыстарды орнатуды 
және т.б. талап ететін тапсырмаларды кеңінен қолдану; 
-
сабақта білім алушының біліміндегі кемшіліктерді уақытында 
анықтауға мүмкіндік беретін кері байланысты ұйымдастырудың әр түрлі 
әдістерін қолдану.
 
Тарихи тұлғаға сипаттама бергенде мынадай арнайы жадынаманы 
қолдану ұсынылады: 

тарихи қайраткердің сыртқы бейнесін суреттеу; 

тұлғалық белгілерін сипаттау; 
-
өмірінің ең жарқын мыңызды фактілерін атау; 

тұлғаның тарихқа қосқан үлесіне баға беру.
Бұл тарихи тұлғалардың іске асырған ерекше әрекеттерінің білім 
алушының есінде ұзақ сақталуына мүмкіндік береді. 
Тарих пәні ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамдардың 
құқығы мен бостандығын құрметтейтін және қабылдайтын, Отанының 
дамуына өз үлесін қосуға ниетті тұлғаны тәрбиелеуден көрінетін «Болашаққа 
бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарын іске асыруда маңызды рөл 
атқарады.
Білім алушылардың тарихи білімін тәжірибеде нақтылау мақсатында 
мүмкіндігінше мұражайларға, тарихи ескерткіш орнатылған немесе тарихи-
археологиялық орындарға экскурсиялар ұйымдастыру ұсынылады.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша ұсынылатын сайттар: 
http://www.tarih-begalinka.kz

http://www.e-history.kz

http://bilimsite.kz/tarih/

http://testcenter.kz/entrants/for-ent/
.  
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар:
http://www.world-history.ru

http://historic.ru

http://historyatlas.narod.ru

http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.
Тәрбиелік компонент 
Пән мазмұны біздің ата-бабаларымыздың бірегей мәдениетін, 
Қазақстанның әлемдік тарихтағы орны мен рөлін, оның әлемдік өркениетке 


169 
қосқан үлесін түсінуге, мүмкіндік береді. 
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды 
ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2019-2020 оқу жылында 
мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:
1. 
Ұшқыш-шабуылдаушы, Кеңес Одағының Батыры Нүркен Әбдірұлы 
Әбдіровтің туғанына 100 жыл. (1919 жыл.9 тамыз); 
2. 
Мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына 125 
жыл. (1894 жыл.26 желтоқсан); 
3. 
ҚҒА Тұңғыш президенті, мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш 
Сәтбаевтың туғанына 120 жыл; 
4. 
Республикалық «Казахстанская правда» газетінің шыққанына 100 
жыл. (1920 жыл.1 қаңтар); 
5. 
Кеңес Одағының Батыры, «Ленин» ордені мен бірқатар медальдардың 
иегері Сұлтан Біржанұлы Баймағамбетовтың туғанына 100 жыл. (1920 жыл.1 
сәуір); 
6. 
Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, ойшыл, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ 
әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси 
қайраткер Абай Құнанбайұлының туғанына 175жыл. (1845 жыл.10 тамыз); 
7. 
Ұлы Отан соғысының жеңісіне 75 жыл. 
8. 
Ұшқыш-шабуылдаушы, КСРО еңбек сіңірген әскери ұшқыш, екі мәрте 
Кеңес Одағының Батыры, «Ленин», төрт мәрте «Қызыл Ту», «Александр 
Невский», I дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендері мен бірқатар 
медальдардың иегері Леонид Игнатьевич Беданың туғанына 100 жыл. (1920 
жыл.16 тамыз); 
9. 
Кеңес Одағының Батыры, «Ленин» ордені мен бірқатар медальдардың 
иегері Төлеген Тоқтаровтың туғанына 100 жыл. (1920 жыл.19 желтоқсан); 
Мектепте сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге 
асады: 

базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, 
мұражайларда; 

таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен 
олимпиадалар жүргізу; 

оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу; 

кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б. 
Сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың пәнге деген 
қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге 
үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп толықтырады және білім 
алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет