170
дағдыларын меңгеруді қамтамасыз етуге бағытталған.
«Құқық негіздері» оқу пәнінің мақсаты - құқық жөнінде негізгі
білімдерді игеру арқылы құқықтық тұрғыдан сауатты азаматты тәрбиелеу және
олардың бойында заңды құрметтеу дәстүрі
мен құқықтық мәдениетті
қалыптастыру, өз азаматтық құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға
қажетті білім мен дағдыларды қалыптастырып дамыту болып табылады.
Пәнді оқыту оқушыларда азаматтық құқықтарын жүзеге асыруға,
мiндеттемелерiн орындауға қажетті білім мен дағдыларды,
саяси-құқықтық
сананы қалыптастырады.
«
Құқық негіздері» оқу пәнінің базалық білім мазмұны: Құқық және
мемлекет, Конституциялық құқық, Азаматтық құқық, Еңбек құқығы,
Отбасы
құқығы, Әкімшілік құқық, Қылмыстық құқық бөлімдерін қамтиды.
«
Құқық негіздері» оқу пәні бойынша оқу жүктемесі: 9-сыныпта аптасына
1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
Ұзақ мерзімді жоспардағы тақырыптар проблемалық сұрақтар түрінде
құрастырылған. Оның басты себебі – кез-келген тақырып оқушыларды бірден
ойландырады және оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, проблемалық сұрақ
қоюға, өздігінен талдау жасау дағдыларын дамытуға жәрдемдеседі.
«Құқық негіздері» пәнін оқытуда келесі педагогикалық әдіс-тәсілдерді
қолдану ұсынылады:
−
«Кейс стади», оқушылардың проблемаларды
анықтауда өз ойларын,
пікірлерін айту, дәлелдеу, гипотеза ұсыну, зерттеуді
одан әрі жоспарлау
қабілеттерін дамытатын ынталандырушы–проблемалық, ситуациялық жағдай
туғызу;
−
белгілі бір тақырып бойынша «миға шабуыл», «фишбоун», «автор
орындығы», т.б. әдістерін ұйымдастыру (проблемаларды табу, әр оқушының
идеясын ұсыну, бүкіл сыныппен талқылау, оны талдау
және шешімнің дұрыс
нұсқасын қабылдау);
−
сабақта оқушылардың белсенділігін қажет ететін құқықтық
проблемаларды талқылау;
−
оқушылардың пікір-талас өткізу және құқықтық мәселелерді
талқылауына игі ықпал ету үшін компьютерлік
қарым-қатынас құралдарын
(мысалы, онлайн-форумдар, конференциялар) пайдалану.
Оқушылардың құқықтық мәселелер мен жағдайаттарға талдау жүргізу
үшін сабақта құқықтық-нормативтік актілермен, заң түсіндірмелерімен және
т.б. құқықтық деректермен жұмысты көптеп ұйымдастыру ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: