177
«Музыка» пәнінің 5-сыныпқа арналған базалық мазмұны: «Қазақ
халқының музыкалық мұрасы»; «Қазақтың дәстүрлі тұрмыс-салт әндері және
заманауи музыка»; «Әлем халықтарының музыкалық дәстүрі»; «Музыка тілі –
достық тілі»; «Өлкетану: Туған өлке симфониясы» бөлімдерін қамтиды.
«Музыка» пәнінің 6-сыныпқа арналған базалық мазмұны:«Классикалық
музыканың үздік туындылары»; «Заманауи музыка мәдениеті»; «Музыка және
өнер түрлері»; «Музыка – өмір тынысы»; «Өлкетану: Туған жердің таланттары»
бөлімдерін қамтиды.
Әрбір бөлімшелерде көрсетілген оқу мақсаттары, мұғалімге үш түрлі
іс-әрекет арқылы (білім алушылардың музыкалық сауаттылықты зерделеу,
музыкалық-орындаушылық және музыкалық-шығармашылық іс-әрекеті)
жұмысты жүйелі жоспарлауға, олардың жетістіктерін бағалауға және оқытудың
келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып
табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін
нәтижелері қалыптастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары
білім алушыны өзін-өзі оқыту субьектісі және тұлғааралық қарым-қатынас
субьектісі ретінде тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды.
«Музыка» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді. «Музыка» пәні
бойынша жарты жыл және оқу жылының соңында «есептелінді»
(«есептелінген жоқ») деген белгі жазылады.
«Туған өлке симфониясы» және «Туған жердің таланттары»
тақырыптары 2018-2019 оқу жылынан бастап «Өлкетану» кіріктірілген курсына
енгізілген, ол 5-6-сыныптардың «Музыка» оқу пәнінің шеңберінде оқытылады.
«Музыка» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және
жоспарлау барысында 2019-2020 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық
шараларға көңіл бөлу ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: