239
баға стратегияларын ажыратуды үйренеді.
«Әрекеттегі маркетинг» атты бөлім FMCG секторының нақты жұмыс
істеп тұрған отандық тауар өндірушілері негізінде тауарларды жылжыту
маркетингін зерделеуді қарастырады. Оқушылардың біріккен топтары нақты
өндірушіні және оның сызығынан белгілі бір өнімді таңдайды. Алынған білім
мен дағдыларды қолдана отырып, оқушылар жаңа тауарларды игеру немесе
көлемін арттыру мақсатында өнімді баламалы жылжыту бойынша креативті
идеяларды қалыптастырады.
4-
бөлім «Ойлау дизайны» бизнес-шешімдерді іздеуге клиентке
бағытталған дизайн-ойлау сияқты тәсілдің ерекшеліктерін қарастырады.
Тоқсанның басында мұғалім ұсынған тізімнен бизнес-мәселені таңдап, оқушы
дизайн-ойлау әдіснамасын: эмпатияны, талдау мен синтезді, идеяларды
генерациялауды, прототиптеу мен тестілеуді қолдана отырып бүкіл тоқсан
бойы жұмыс жасайды. Оқушылар өндірушілермен өзара іс-әрекет жасауда және
жобалау жұмыстарын орындауда нақты тәжірибе алады. Өндіруші үшін бұл әр
жылдың көктемгі үш айында ақпараттың өрлеуі және өнімдерінің бүкіл
Қазақстан бойынша тегін жарнамалануы. Мемлекет экономикасы үшін - бұл
отандық өндірушіні қолдау.
Тоқсандағы бөлімдер бойынша және бөлімдер ішінде сағаттарды бөлуді
мұғалімнің қалауына қарай өзгертуге болады.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша жиынтық бағалау
өткізілмейді. Қалыптастырушы бағалау пәнді оқу барысында білім
алушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг өткізу мақсатында және оқу
процесінде оларға қолдау көрсету үшін жүргізіледі.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша оқу жетістіктерін
бағалау ауызша, жазбаша жұмыстары мен практикалық жаттығуларды,
бақылау жұмыстарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Әрбір тоқсан
және оқу жылының қорытындысы бойынша сынып журналына «есептелінді»
(«есептелінген жоқ») деген белгі жазылады.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің
жоғары шекті көлемі 10 сыныпта аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты
құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: