232
негізгі түсініктері, өз бетімен дене шынықтыру жаттығуларымен айналысуды
ұйымдастыру мен өткізу ерекшеліктері жан-жақты ашылып көрсетілген және
қауіпсіздік техникасын қадағалау мен талап етудің ережелері берілген.
«Денені жетілдіру және шеберлік» бөлімі білім алушылардың дене
шынықтыру және тактикалық даярлықтарын
шыңдауға бағытталған және
аталған бөлімде арнайы дене дайындығы құралдары туралы ақпараттар
берілген. Бағдарламада арнайы құралдар ретінде қолданбалы маңызға ие
болатын базалық спорт түрлерінің (гимнастика негіздері, жеңіл атлетика, спорт
ойындары, шаңғы және жүзу) дене жаттығулары мен қимыл-қозғалыс
әрекеттері ұсынылады.
Вариативті компонент дене шынықтыру мұғалімі спорттық ойындарды
тереңдетіп оқыту мақсатында оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық
технологияларын қолдануға және енгізуге бағдарлайды.
Вариативті
компонентті нақты білім беру ұйымы, материалдық базасы мен өңірдің
орналасу ерекшеліктерін, білім алушының қызығушылықтарын және
оқытушылар ұжымының мүмкіндіктерін ескере
отырып дене шынықтыру
мұғалімі әзірлейді.
Бағдарлама талаптарына және әрбір білім алушының жеке мүмкіндіктері
мен жыныстық даму ерекшеліктерін бағамдай отырып, мұғалім өздігінен жеке
талаптар қойып (қорытынды тапсырмалар), талаптардың өзіндік шкаласын
құруына және сол бойынша білім алушылардың жылдық үлгерімдерін
бағалауына болады. Бұл тәсілді қолдану дене шынықтыру мұғаліміне оқыту-
үйретудің барлық кезеңдерінде оқушылардың даму деңгейлерінің жеке жас
ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ үлгерімдерін
шынайы бағалауға
мүмкіндік береді. «Дене шынықтыру» пәні бойынша жиынтық бағалау
өткізілмейді. «Дене шынықтыру» пәні бойынша тоқсан, жарты жылының және
оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі
жазылады.
Бұл бағдарлама мектепте дененің шынығуы мен адамгершілікке
тәрбиелеудің кешенді жүйесін құрайтын дене шынықтырудың барлық негізгі
нысандарының мазмұнын қамтиды және бұл міндеттерді барлық оқу жылында
рет-ретімен шешуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның әрбір үшінші
сағаты
білім алушылардың белсенділігін арттыруға (спорт және қозғалмалы ойындар
санын кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне бағытталған.
Орта білім (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім) берудің
Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес бағдарламада білім
алушыларды гендерлік қағидат бойынша дене шынықтыру сабағын (қалалық
жерде – әрбір топта 8-ден кем емес ұлдар (немесе қыздар), ал ауылдық жерде –
5-
тен кем емес ұлдар (немесе қыздар) болғанда) жеке оқыту қарастырылған.
Оны оқу процесін ұйымдастырған кезде ескеру қажет.
«Дене шынықтыру» оқу пәнінің мазмұны. 10-сынып.
Төменде 85-кестеде «Бағдарламаның бөлімдерінің жылдық сағаттар
санын тоқсандарға бөлу» бойынша тақырыптық жоспар берілген.