Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Ұсынылатын бақылау жұмыстарының нормалары



Pdf көрінісі
бет165/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36702
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   244
Байланысты:
1567089479235 (2)

Ұсынылатын бақылау жұмыстарының нормалары. 
Алған білімдерінің динамикасы мен мониторингін анықтау үшін оқу 
жылында 7 бақылау жұмысын жүргізу ұсынылады. Жаңа форматтағы ҰБТ 
стандартына сәйкес тестілеу тапсырмаларын 40 сұраққа дейін көбейту 
ұсынылады. Жұмыс түрін ҰБТ жүйесі бойынша бағалау ұсынылады: «5» деген 
баға – 33-40 балл, «4» деген баға -25-32 балл, «3» деген баға – 9-24 балл. 
№1 кіріспе тест. Бұл жұмыс түрі өткен оқу жылында алған білімдердің 
диагностикасы мен бақылауын қарастырады, тек лексика-грамматикалық 
аспектілерді қамтиды. Тест тапсырмаларының саны – 40, жауаптар 
нұсқаларының саны – 5. «2» деген бағаны қою ұсынылмайды, өйткені оқу 
жылының бірінші күндерінен бастап білім алушының пәнге деген 
қызығушылығы мен ынтасы төмендеуі мүмкін. 
Шетел тілі бойынша № 2 бақылау жұмысы – 1-тоқсан қорытындысы 
бойынша алынады. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын 


273 
есепке ала отырып, 1-тоқсанда меңгерген материалды қамтиды. Лексика, 
грамматика бойынша 20 тапсырма, тыңдалым бойынша – 10 тапсырма, оқылым 
бойынша – 10 тапсырма.
Шетел тілі бойынша № 3 бақылау жұмысы – 2-тоқсан қорытындысы 
бойынша алынады. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын 
есепке ала отырып, 2-тоқсанда меңгерген материалды қамтиды. Лексика, 
грамматика бойынша 20 тапсырма, тыңдалым бойынша – 10 тапсырма, оқылым 
бойынша – 10 тапсырма.
№ 4 диагностикалық тест. Бұл алдыңғы екі оқу тоқсанда алған
білімдердің бақылау мен динамикасын қарастырады және лексика- 
грамматикалық аспектіні ғана қамтиды. Тест тапсырмаларының саны – 40, 
жауаптар нұсқаларының саны – 5. «2» деген бағаны қою ұсынылмайды, өйткені 
білім алушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын төмендетуі мүмкін. 
Шетел тілі бойынша № 5 бақылау жұмысы – 3-тоқсан қорытындысы 
бойыша алынады. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын 
есепке ала отырып, 3-тоқсанда меңгерген материалды қамтиды. Лексика, 
грамматика бойынша 20 тапсырма, тыңдалым бойынша – 10 тапсырма, оқылым 
бойынша – 10 тапсырма.
Шетел тілі бойынша № 6 бақылау жұмысы – 4-тоқсан қорытындысы 
бойынша алынады. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын 
есепке ала отырып, 4-тоқсанда меңгерген материалды қамтиды. Лексика, 
грамматика бойынша 20 тапсырма, тыңдалым бойынша – 10 тапсырма, оқылым 
бойынша – 10 тапсырма.
Шетел тілі бойынша №7 бақылау жұмысы – оқу жылы бойынша барлық 
оқылған тақырыптарды қамтиды. Лексика, грамматика бойынша 20 тапсырма, 
тыңдалым бойынша – 10 тапсырма, оқылым бойынша – 10 тапсырма.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет