Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Ұсынылатын жазба жұмыстарының нормалары



Pdf көрінісі
бет166/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36702
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   244
Байланысты:
1567089479235 (2)

Ұсынылатын жазба жұмыстарының нормалары. 
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жазба 
жұмыстарын, соның ішінде эссе жазу ұсынылады. Жұмыстың бұл түрі білім 
алушылардың сын тұрғысынан ойлауын және жазылым дағдыларын дамытуға 
мүмкіндік береді. Эссе жазуда (барлық артикль сөздерді, есімдіктер мен 
қосымшаларды ескере отырып) сөздердің келесі нормалары ұсынылады: 
11-
сыныптарда 140-150 сөз. 
Оқытылатын пәнге деген ынта мен қызығушылықты арттыру үшін пән 
бойынша үйірме жұмысының түрін ұйымдастыруға болады, мысалы мәнерлеп 
оқу клубы. Бұл клубтың мақсаты - шетел әдебиетіне деген қызығушылықты 
арттыру. Көптілділікті дамытатын «Полиглот» клубын құру ұсынылады. Клуб 
мүшелерінің жиыны ең аз дегенде жылына 4 рет болады, соңғы жиын – есеп 
беру. 
 
«Абайтану» факультативтік курсы
«Абайтану» курсы курсы оқу бағдарламасы ҚР Білім және ғылым 
министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу 
бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. 
Курстың білім мазмұны ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты 


274 
таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, 
мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы 
жоғары,білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз 
кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда 
өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыруға бағытталған. 
Курсты қазақ тілі мен әдебиеті немесе біліктілікті арттыру және қайта 
даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді. 
Мұғалімдерге көмек ретінде «Абайтану» курсы бағдарламасының мазмұнын 
жобалау мен өткізу бойынша әдістемелік құралдар әзірленіп, Академия 
сайтына (
www.nao.kz
) орналастырылды. 
Жалпы білім беретін мектептердің 10-11-сыныбына арналған «Абайтану» 
курсын ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген
жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларының вариативтік компоненті 
есебінен жүргізу ұсынылады. 
Курс жүктемесінің көлемі: 
10 - 
сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34сағат; 
11 - 
сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды. 
Курс бойынша білім алушылардың оқу жетістігін ағымдық бағалау, 
сондай-ақ емтихан және ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізілмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет