Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет188/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36702
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   244
Байланысты:
1567089479235 (2)

БІЗ 
ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ 
ӘЛЕМ ҮШІН 


317 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбиелеу моделі «Заң», 
«Әділдік», «Тең құқылық» сияқты іргелі ұғымдардың айналасында құрылуы 
тиіс.
Өскелең ұрпақ үшін таза және адал еңбек табыстылықтың, жоғары 
жетістіктердің, білім мен материалдық игіліктің басты өлшемі болуы тиіс. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет адамның жоғары моральдық, 
құқықтық, саяси және басқа да мәдениеттердің негізінде сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы тұру қабілетін білдіреді. Бағалау функциясы жеке 
тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қатынасын анықтайды. Оның көмегімен 
мораль мен этикалық кодекстерге, құқық пен заңнамаға, құқық қорғау 
органдарына, азаматтық қоғамға, борышқа, айналасындағылардың да, өзінің де 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқына деген қатынасы бағаланады.
Халықаралық және бағдарламалық құжаттар білім алушыларда құқықтық 
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың өзектілігін 
көрсетеді:
• 
БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы • 2003 ж. 31 қазан. 
• 
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V 
Заңы.
• 
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы: Қазақстан Республикасы 
Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы. 
• 
ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың мемлекеттік органдардың басшыларымен 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сөйлеген 
сөзі (7 күн) 20 мамыр 2019 жыл.

«Қазақстан-2050» 
Стратегиясының 
мақсаттарына 
сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жүргізу арқылы қол жеткізуге 
болады. Елбасы айтқандай: «Мемлекет пен қоғам сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы біртұтас майдан болуы тиіс. Сыбайлас жемқорлық - құқық 
бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімге нұқсан 
келтіреді және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіреді». 
Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті 
қалыптастыру:

сыбайлас жемқорлықты тануды үйрену (сондай-ақ оны басқа қылмыс 
түрлерінен ажырату); 

сыбайлас жемқорлық неге жамандық болып табылады деген дәлелдерді 
ұсыну;

сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мүмкіндігін көрсету. 
Мектеп жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті 
тәрбиелеудің міндеті білім алушылардың азаматтық ұстанымы ретінде 
сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті бекіту, сыбайлас жемқорлық құқық 
бұзушылықтарға тұрақты иммунитетті қалыптастыру, көпшілік алдында 
жариялау болып табылады.
7.2 Білім алушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойлау мен 
мәдениетті қалыптастыру бойынша компонентті оқу пәндері бойынша 


318 
жаңартылған мазмұнның үлгілік оқу бағдарламаларына біріктіру 
Төменде берілген оқу пәндері бойынша оқу мақсаттарының 
тақырыпшалары, 
жаңартылған 
білім 
мазмұнындағы 
Үлгілік 
оқу 
бағдарламаларының бөлімдері мен бөлімшелері білім алушылардың сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру компонентінен тұрады: 
1. 
«Дүниетану» – 1-4-сыныптар;
2. «Өзін-өзі тану» – 1-4-сыныптар; 
3. «Қазақ тілі» – 5-11-сыныптар; 
4. «Құқық негіздері» – 9-11-сынып;
5.«Қазақстан тарихы» – 6, 9 -11-сыныптар;
6. «Дүниежүзі тарихы» – 10-11-сыныптар; 
7. 
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» – 10-11-сыныптар. 
Бастауыш білім берудің оқу пәндері арқылы сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы мәдениетті қалыптастыру.
 
Бастауыш білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы барлық Үлгілік 
оқу бағдарламаларында «Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды 
дағдылармен бірлесе дамытылуы білім берудің «қазақстандық патриотизм мен 
азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен 
шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты құндылықтарын 
бойына сіңіруіне, Отанына риясыз қызмет ететін, білімді, білікті, рухани терең 
азамат болып қалыптасуына ықпал етеді» деген тармақ бар.
Бұл құндылықтар 
білім алушының мінез-құлқын және күнделікті қызметін ынталандыратын 
тұрақты тұлғалық бағдар болуы керек. 
1-4-
сыныптарға арналған «Дүниетану» пәнін оқытудың міндеттерінің 
бірі білім алушыларды қазіргі қазақстандық қоғамға тән ұлттық және 
жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесіне дағдыландыру болып табылады. 
Пән бойынша оқу бағдарламасының 1.1 Мен және менің отбасым 
бөлімшесінде 1.1.1.5 тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, 
олардың қайдан келетінін анықтау; 2.1.1.4 бақылау мен сауалнама негізінде 
тұтыну заттарына деген отбасы қажеттіліктерінің құрылымын, олардың түсу 
көзін анықтау; 1.1.1.4 тауар-ақша қатынасының қарапайым түрлерін түсіндіру; 
2.1.1.3 
түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын 
анықтау; 3.1.1.4 өз шығындарын жоспарлау және негіздеу; 4.1.1.3 отбасы 
бюджетінің негізгі кіріс-шығыстарын талдау; 4.1.1.4 отбасы бюджетін 
оңтайландыру жолдарын ұсыну оқу мақсаттары;
1.5 Құқық және міндет бөлімшесінде 2.1.5.1 өз өмірінен мысалдар 
келтіру негізінде құқықты, міндетті және жауапкершілікті ажырату; 2.1.5.2 
қоғамға қызмет етудің әлеуметтік маңызын түсіндіру; 3.1.5.1 Қазақстан 
Республикасы 
Конституциясының маңызын 
түсіндіру; 
4.1.5.1 
Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы туралы қорытындылар жасау; 
4.1.5.2 Қазақстан Республикасының азаматы ретінде демократиялық 
құқықтары, бостандықтары, міндеттерінен мысалдар келтіру деген оқу 
мақсаттары оқытылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет