327
мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрестің негізгі принциптерін айқындайтын тақырыптар топтамасы:
Сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және
сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын-алу, анықтау,
олардың зардаптарын жою және жауапқа тарту арқылы мемлекеттік
органдардың қызметтері туралы «Алғашқы әскери және технологиялық
дайындық» пәнінде қарастырылған бөлімдер мен тақырыптар:
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы-
ұйымдастырушы әскери істі оқыту процесінде жастардың бойында азаматтық
таным, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қорғау, әскери қызметке
деген саналы жауапкершілікті қалыптастыруға тәрбиелеу мен оқытудың басты
міндеттерін шешеді.
Әр сабақ сайын білім алушылар әскери анттың рөлі мен маңызын
түсінулеріне, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, оның дәстүрлері мен
әскер түрлерінде қызмет ету ерекшеліктеріне, әскери мамандыққа деген
қызығушылықтарын дамытып, білім алушылардың әскери білім алуларына
деген ұмтылыстарын ынталандыру керек. Сонымен қатар Қазақстан
Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары – бұл Қарулы Күштердің
тұрмыс-тіршіліктерін реттестіретін заңдар жиынтығы, ал жарғы талаптарын
орындау – әрбір әскери қызметкердің міндеті екендігін түсіндіру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: