349
қайта жазудың қажеті жоқ). Сонымен қатар, мұғалім оқу пәнін оқуға бөлінген
оқу сағаттарының шегінде сынып ерекшеліктерін және оқушылардың
танымдық
мүмкіндіктерін
ескере
отырып,
күнтізбелік-тақырыптық
жоспарлауға өзгерістер енгізуге, сондай-ақ өзінің күнтізбелік-тақырыптық
жоспарын әзірлеуге құқылы, бұл жағдайда білім беру ұйымының басшысы
бекітеді.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы
30 қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес Мамандандырылған білім беру
ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының (6 қосымша) 15, 16, 17-
тармақтарына ерекше назар аудару қажет:
15-
тармақ. Қазақ (орыс тілінде оқытатын сыныптар үшін) және орыс
(қазақ тілінде оқытатын сыныптар үшін) тілдерін, ақпараттық-есептеу техника
негіздерін, ритмика, хореография, музыка, дене тәрбиесі, технология, көркем
пәндер негіздерін оқу, сондай – ақ бейінді пәндер бойынша зертханалық,
практикалық жұмыстарды жүргізу кезінде сыныптарды 2 топқа, шет тілдерін
және шетел тілінде оқытатын пәндерді 3 топқа бөлуге жол беріледі.
16-
тармақ. Жалпы орта білім беру деңгейінде таңдау бойынша пәндерді
(тереңдетілген деңгей) шет тілінде оқу кезінде сыныптарды 2-3 кіші топтарға
бөлуге жол беріледі.
17-
тармақ. Сыныптарды қосымша бөлу жүйесі, икемді вариативтік кесте,
деңгейлік бөлу жүйесі, консультациялар және таңдау бойынша пәндер арқылы
жалпы орта білім беру деңгейінде бейіндік саралауды жүзеге асыру
мамандандырылған білім беру ұйымының толық күн режимінде жұмысын
талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: