334
66
Байқауларға және сайыстарға (спорттық, пәндік,
ғылыми,
интеллектуалдық)
қатысушы-
жеңімпаздардың, жүлдегерлердің, лауреаттардың
үлесі
17%
17,2%
77
ҰБТ-ның орташа көрсеткіші (балдар)
71
75,9
88
Педагогтердің орташа айлық жалақысы (мың
теңге)
72
82
Орта білім беру саласын ырықтандыру
шеңберінде Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңына толықтырулар енгізілді. Оларға
сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысын
жеке меншік мектептерде
орналастыруға мүмкіндік пайда болды.
Сонымен қатар, жеке меншік мектептердің жан басына шаққандағы
қаржыландыру көлемінде алынған бюджет
қаражатын өз бетінше жұмсау
құқығы бекітілді.
Орта білім берудегі жекеменшік сектордың дамуы үшін маңызды элемент
жан басына шаққандағы нормативтің құрамына ғимараттың амортизациясына,
әрбір жаңадан енгізілген білім алушы орны үшін шығыстарды қосу болып
табылады, ал бұл жаңа жеке меншік мектептердің салынуына түрткі болады.
Бұл қадам жеке меншік мектептер
желісінің дамуына себеп болып,
шамадан тыс толы мемлекеттік мектептердің жүгін біраз азайтып, білім алушы
орнының тапшылығын төмендетеді.
Жоғарыда атап көрсетілген шаралар мемлекеттік мектептердің жоспарлы
түрде дамуына, орта білім беруге жеке капиталды тартуға септігін тигізеді, бұл,
өз кезегінде, мынадай нәтижелерге әкеледі:
-
орта білім берудегі МЖК-ның дамуы (жеке инвесторларды тарту, оның
ішінде жаңа мектептердің құрылысына);
-
білім алушылар орны тапшылығының төмендеуі;
-
үш ауысымды және апатты мектептердің жойылуы.
Осылайша, жан басына шаққандағы
қаржыландыруды іске асыру
қазақстандық білім беру жүйесін жетілдіруге,
білім беру қызметтерінің
қолжетімділігін және сапасын арттыруға сүбелі үлес қосу болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: