Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет229/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36702
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   244
Байланысты:
1567089479235 (2)

  


396 

 
Назар аударыңыз! 
Қазақ және орыс тілдерінде үйде оқыту үшін бастауыш, негізгі орта және 
жалпы орта білім берудің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу жоспарлары 
әзірленді және «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта 
білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым 
министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына ҚР Білім және ғылым 
министрінің 2018 ж. 04.09-дағы № 441 бұйрығымен толықтырулар енгізілді (73-
80-
қосымшалар).
Осы бұйрыққа сәйкес үйде оқитын 1-4-сынып білім алушыларына 
арналған ең жоғары шекті оқу жүктемесінің көлемі: 1-сыныпта - 12,5 сағат; 2-
сыныпта - 14 сағат; 3-сыныпта - 14 сағат; 4-сыныпта - 14 сағат. 
Оқыту қазақ тіліндегі 5-9-сыныптардың үйде оқитын білім алушылары 
үшін тиісінше сыныптар бойынша: 5-сыныпта - 15 сағат; 6-сыныпта – 15 сағат; 
7-
сыныпта - 18 сағат; 8-сыныпта - 18 сағат; 9-сыныпта - 19 сағат және оқыту 
орыс тіліндегі 5-9-сыныптың білім алушылары үшін: 5-сыныпта - 16 сағат; 6-
сыныпта - 16 сағат; 7-сыныпта - 19 сағат; 8-сыныпта - 19 сағат; 9-сыныпта - 20 
сағат. 
ЖМБ/ҚГБ бағыттар бойынша оқыту қазақ тіліндегі 10-11-сыныптың 
білім алушылары үшін: 10-сыныпта және 11-сыныпта - 19 сағат, ЖМБ/ҚГБ 
бағыттар бойынша оқыту орыс тіліндегі 10-11-сынып оқушылары үшін 20 
сағат.
Оқу нәтижелері бойынша осы ҮОЖ-ға сәйкес, үйде оқып жатқан 
түлектер колледждер мен университеттерге түсуге құқылы. 
Үйде оқытуды тиімді және сапалы ұйымдастыру үшін мыналар:
1. үйде оқыту процесін ұйымдастырудың нормативтік құжаттары: 

үйде жеке оқытуды ұйымдастыру туралы ереже;

үйде оқытудың жеке жұмыс оқу жоспары;

жеке жұмыс оқу бағдарламалары;

жеке оқыту кестесі;

жеке оқыту үлгерімі журналы ұсынылады; 
2. мұғалімнің, психологтың, мектеп директоры орынбасарының 
функцияларын нақты белгілеу; 
3. айына бір рет мектеп директоры орынбасарының қатысуымен үйде 
білім алушылардың оқу жетістіктерін тыңдап, қол жеткізілген нәтижелер мен 
олқылықтарды ескере отырып, олардың жеке білім беру бағдарламаларын 
түзету. 
4. үйде білім алушылардың мектептің білім беру ресурстарына: 
кітапханаларға, мерзімді басылымдарға, оқу жабдықтарына, ЦБР-ға қол 
жетімділігін қамтамасыз ету. 


397 
Үйде оқитын баланы мектептен тыс жұмыстарға, үйірме жұмыстарына 
және мектептегі басқа да тәрбиелік іс-шараларға тарту маңызды, өйткені, үйде 
оқитын білім алушы өзін сынып пен мектеп ұжымының бір бөлігі екендігін 
сезінуі керек. 
Үйде оқытуды ұйымдастыру бойынша қосымша ақпаратты "Жалпы білім 
беретін мектептің оқу бағдарламалары бойынша балаларды үйде оқыту 
жөніндегі әдістемелік ұсынымдардан" табуға болады (Акадекмия сайты: 
www.nao.kz).
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет