386
–
жалпы орта білім – 11-12 сыныптар.
Орта білім алу ұзақтығы көзі көрмейтін
және нашар көретін білім
алушылардың танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктері салдарынан ұлғайтылды;
оқыту қарқынының баяулауы және жалпы білім беретін пәндерге
пропедевтикалық бөлімдерді қосу қажеттілігі, білім алушылардың қоршаған
орта туралы түсініктері мен білімдеріндегі олқылықтарды толтыруға мүмкіндік
беретін; көзі көрмейтіндерге ақпарат алудың
сукцессивті тәсілін қолдану
(түйсікті пайдалану); Брайль жүйесі бойынша жазу мен оқуға, бедерлі суреттер
мен сызбаларды оқуға оқыту ерекшеліктері; бақылау, практикалық және
зертханалық жұмыстарды жүргізу кезінде кеңістікте бағдарлануға арналған
тифлоприборлар мен ыңғайлы бұйымдарды пайдалану қажеттілігі.
Мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген 6-7 жастағы балалар үшін дайындық
(0) сыныбы ұйымдастырылады. 1-4 сыныптарда білім алушылардың
функционалдық
сауаттылығының негізі қаланады, қарым-қатынас пен оқу
еңбегінің негізгі біліктері мен дағдылары қалыптасады, кейіннен негізгі жалпы
білім беру бағдарламасын меңгеру үшін база құрылады.
11-
12 сыныптарда бейіндік оқыту екі бағыт бойынша жүзеге асырылады:
қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық.
Бір немесе екі бағытты таңдауды мектеп білім алушыларының
қажеттіліктерін және ата-аналардың сұраныстарын ескере отырып жүзеге
асыралады.
Нашар көретіндерде
қалдықты көру және көру қабылдауын дамыту;
әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау (ӘТБ),
кеңістіктік бағдарлау; мимика мен
пантомимиканы дамыту; сөйлеу және қозғалыс дамуының кемшіліктерін түзету
бойынша жұмыстар жүргізілетін білім беру процесінің түзету бағыты жалпы
білім беретін пәндер бойынша сабақтарда, арнайы түзету сабақтарында
қамтамасыз етіледі.
Факультативтік сабақтар мен элективті курстар сағаттары жалпы білім беру
циклінің пәндерін оқу, жаңа пәндерді жүргізу, қосымша білім беру модульдерін,
арнайы
курстар мен практикумдар, жеке және топтық сабақтарды өткізу үшін,
жеке білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда қолданылуы мүмкін. Көзі
көрмейтін балаларды оқыту жалпы білім беретін мектептерге арналған Брайль
шрифтімен басып шығарылған оқулықтар бойынша, ал нашар көретіндер үшін–
ірі баспалы шрифтпен жүзеге асырылады.
4. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған арнайы мектепте
(сыныпта) оқыту ерекшеліктері.
Білім беру процесі келесідей деңгейлерге бөлінеді:
–
бастауыш білім беру – 0, 1-4 сыныптар;
–
негізгі орта білім – 5-10 сыныптар;
–
жалпы орта білім – 11-12 сыныптар.
Мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген 6-7 жастағы балалар үшін дайындық
(0) сыныбы ұйымдастырылады.
1-
4 сыныптарда жалпы тапсырмалар мен арнайы дамыту тапсырмалары
(білім алушылардың қозғалыс аймағын, олардың танымдық іс-әрекетін, сөйлеуін
қалыптастыру) шешіледі. Бірінші сыныпта жазу дағдыларын қалыптастыруға
387
арнайы уақыт бөлінеді.
Ана тілін меңгеруде оқытудың бастапқы
кезеңдерінің практикалық
бағытталуымен қамтамасыз етіледі.Математиканы оқу кезінде ойлау дамуының
ерекшеліктері, кеңістіктік көріністердің жеткіліксіз қалыптасуы ескеріледі.
Бейімделген дене шынықтыру сабақтарында бағалау нормативтері
өңделмейді.
5-
10 сыныптарда балалардың әлеуметтік еңбекке бейімделуін қамтамасыз
ететін қозғалыс, ойлау, сөйлеу дағдылары мен іскерліктерін дамыту бойынша
қалпына келтіру жұмыстары жалғасасды.
11-
12 сыныптарда екі бағыт жүзеге асырылады:
қоғамдық-гуманитарлық
және жаратылыстану-математикалық.
Мектеп бір немесе екі бағытты таңдауда білім алушылардың
қажеттіліктерін және ата-аналардың сұраныстарын ескере отырып жүзеге
асырады.
Тірек-қимыл аппараты бұзылған білім алушылар кіші және жеке сабақтарда
арнайы педагогикалық қолдау алады:
1) емдік дене шынықтыру (ЕДШ); сабақтар 2-4 адам тобымен немесе жеке
өткізіледі. Сабақтың ұзақтығы – 40 минут. Сабақтар күннің бірінші және екінші
жартысында өткізілуі мүмкін;
2) сөйлеуді дамытудағы кемшіліктерді түзету бойынша тіл мүкістігі бар
білім алушылар логопедпен жеке немесе топпен аптасына 2-3 рет жүргізіледі.
Сабақтар күннің бірінші немесе екінші жартысында өткізілуі мүмкін;
Факультативтік сабақтар мен элективті курстар мазмұнын анықтау кезінде
білім алушылардың әлеуметтенуіне, даму кемшіліктерін жеңуге, оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге ықпал ететін сабақтарға артықшылық
беру керек.
Достарыңызбен бөлісу: