410
16.
ЖАҢАРТЫЛҒАН
БІЛІМ
МАЗМҰНЫ
ЖАҒДАЙЫНДА
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Әдістемелік қызмет педагогтің кәсіби әлеуетін дамытуға бағытталатын
педагогикалық шаралардың тұтас жүйесі. Педагогикалық ғылымның
жетістіктері, озық педагогикалық тәжірибе және болып жатқан педагогикалық
үдерістерді талдау, әдістемелік қызметтің негізін құрайды.
Жаңартылған білім беру жағдайында әдістемелік кабинеттердің рөлі мен
орны өзгерді. Білім беру жүйесін жаһандық реформалау, жетекші білім беру
құндылықтарының «жолсерігі» болып табылатын және ұстаздар қауымына
жеткізе алатын, жоғары кәсіби әдіскерлерге қажеттілігін анықтады. Озық кәсіби
қызмет, педагогикалық кадрлардың кәсіби дамудағы әлеуетті қажеттіліктерін
анықтау және қанағаттандыру сонымен қатар жағдай жасау әдістемелік қызмет
үшін басым болып табылады. Әдістемелік қызмет әдістемелік қызметті таңдау
құқығын қамтамасыз етуге, педагогтың жеке білім беру бағытын іске асыруға
мүмкіндік беруге ұмтылуға демек – серпінді жаңартуға бағытталған.
Оқу-әдістемелік қызметті нормативтік құқықтық қамтамасыз ету
мынадай нормативтік-құқықтық құжаттармен айқындалады:
-
2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
заңы (5-тарау, 29-бап, 1, 2 -тармақ) - «Білім мен ғылымды интеграциялау, оқу-
тәрбие процесін қамтамасыз ету және жетілдіру, оқытудың жаңа
технологияларын әзірлеу және енгізу, білім беру ұйымдарында және тиісті
инфрақұрылымда педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз
ету мақсатында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс жүзеге
асырылады», «Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылық
жасау: орта білім беру ұйымдарында – облыстық, республикалық маңызы бар
қалалардың және астананың әдістемелік кабинеттеріне және аудандық
(қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттеріне; техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарында – облыстық, республикалық маңызы бар
қалалардың және астананың білім беруді басқару органдарының әдістемелік
кабинеттеріне және бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктеріне».
-
«Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және
жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығына өзгерістер
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016
411
жылғы 18 қаңтардағы № 40 бұйрығы;
-
«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың Үлгілік
біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығы;
-
«Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарының түрлері
қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 370 бұйрығы, 2-
тармақ;
-
«Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын
және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының
тізбесін бекіту туралы» Қазақстан республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30
қаңтардағы
№ 77 қаулысы;
Әдістемелік кабинет/орталық қызметінің мақсаты мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандарттарын және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта,
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру
бағдарламаларын іске асыруда білім беру ұйымдарын оқу-әдістемелік қолдауды
жүзеге асыру, үздіксіз білім беру үшін жағдай жасау, педагог және басшы
кадрлардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру болып табылады.
Білім басқармаларының әдістемелік кабинеттерінің/орталықтарының
штаттарын қалыптастыру «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің
үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар
лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» қаулы жобасына сәйкес жүзеге асырылады.
Әдістемелік кабинеттер «Ересектерге арналған қосымша білім беру
ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 11
қыркүйектегі № 370 бұйрығына сәйкес жұмыс істейді. Бұйрықта «Әдістемелік
орталықтар/кабинеттер» жалпы ережесі, ересектерге арналған қосымша білім
беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидаларының 2-тармағында
жазылған.
Білім беру ұйымдарында және тиісті инфрақұрылымда, оның ішінде оқу-
әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету ұйымдарында оқу-
әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті үйлестіру Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы №
583 бұйрығымен бекітілген оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және
жүзеге асыру ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Әдістемелік орталықтардың (кабинеттердің) оқу-әдістемелік жұмысының
негізгі бағыттары:
1)
оқу-тәрбие процесін жетілдіруге және педагогке, білім беру ұйымдары
мен әдістемелік бірлестіктерге көмек көрсетуге бағытталған білім беру
қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша оқу - әдістемелік
жұмысты ұйымдастыру және өткізу (консультациялар, сабақтарды талдау,
дәрістер, мастер-кластар, семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар,
412
педагогикалық оқулар, Педагогикалық шеберлік мектептері, кәсіби шеберлік
конкурстарын өткізу);
2) білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша, оқу-әдістемелік жұмыстың
мазмұнын жетілдіру бойынша әдістемелік құралдар, ұсынымдар әзірлеуді
ұйымдастыру;
3) педагогикалық қызметті зерделеу, талдау және бағалау, тәрбиеленушілер
мен оқушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу, жұмыс тәжірибесін
жинақтау мен жүйелендіруді қамтамасыз ету, жұмыстың тиімді нысандары мен
олардың нәтижелері туралы деректер банкін құру;
4) білім беру ұйымдары мен педагогтарға инновациялық қызметке қолдау
көрсету, тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
және жүргізу;
5) педагогтарды мемлекеттік білім беру саясатының негізгі үрдістерімен
уақтылы таныстыру, оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін,
сыныптан тыс, мектептен тыс пәндік және тәрбие жұмыстарын зерделеу және
шығармашылық игеру;
6) педагогтарды балалар мен ересектерді оқыту, тәрбиелеу және дамыту
мәселелері бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиет туралы қажетті
ақпаратпен қамтамасыз ету, ақпараттық-библиографиялық жұмыс жүргізу,
бейне, медиатека жасау;
7) қалалық, аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық
деңгейлерде білім алушыларды білім беру мен тәрбиелеуге қатысатын
ғалымдармен, білім беру ұйымдарымен, мемлекеттік және үкіметтік емес
құрылымдармен өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты ұйымдастыру;
8) жетекші мамандарды тарта отырып, оқу-әдістемелік материалдарды
сараптау, оқу-әдістемелік және сараптамалық кеңестердің, уақытша ғылыми-
зерттеу және шығармашылық топтардың қызметін үйлестіру;
9) біліктілікті арттыру ұйымдарымен бірлесіп, педагогикалық және басшы
қызметкерлердің біліктілігін арттыруды болжау, жоспарлау және ұйымдастыру,
педагогтарға үздіксіз білім беру жүйесінде ұйымдастыру-әдістемелік көмек
көрсету.
Білім берудегі қазіргі жағдай, білім беру мәртебесі мен міндеттерінің
өзгеруі, оған балалар мен ата-аналар тарапынан қойылатын жаңа талаптар,
сондай-ақ басқа да бірқатар басқа да себептер әдістемелік орталық/кабинет
қызметінің ұйымдастырлуына ерекше өзектілік береді, сол себепті ол:
•
қоғамның заманауи талаптарын ескере отырып, білім беруді дамытуды
қамтамасыз етуі;
•
педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамытуы, ең үздік тәжірибені
анықтауы және жинақтауы сонымен қатар ондағы маңыздылықты айқындап
қызметкерлерге жеткізуі;
•
білім берудің жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу бойынша
мәселелерді шешуі;
•
заманауи педагогикалық парадигмаға және жаңа педагогикалық
технологияларға негізделген білім беру процесінің жоғары сапасына қол
жеткізуі;
413
•
зерттеу жұмысын жүргізуді ұйымдастыруы тиіс.
Табысты тәжірибе-бұл жоғары нәтижелілік пен оңтайлылықпен, яғни
жоғары тиімді нәтижелерге қол жеткізумен ерекшеленетін тәжірибе. Табысты
педагогикалық тәжірибені анықтау және қолдау мақсатында келесі
критерийлерді орындау қажет:
-
Достарыңызбен бөлісу: |