10-
11 сыныптарға арналған
«Алғашқы әскери және технологиялық даярлық» пәнінің оқу
бағдарламасын, оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін
апробациядан өткізу үшін пилоттық мектептердің тізімі
№
Өңірдің атауы
Пилоттық мектептің атауы
1.
Астана қаласы
№ 13 орта мектебі
2.
Алматы қаласы
М. Мәметова атындағы №28 орта
мектебі
3.
Ақмола облысы, Жарқайың ауданы
Н.Крупская атындағы орта мектебі
4.
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы
№ 51 мектеп-гимназиясы
5.
Алматы облысы, Көксу ауданы
К. Жалайыри атындағы мектеп-
гимназиясы
6.
Атырау облысы, Атырау қаласы
№ 33 орта мектебі
7.
Шығыс Қазақстан облысы,Өскемен қаласы
№ 4 орта мектебі
8.
Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы
№ 34 мектеп-гимназиясы
9.
Жамбыл облысы, Тараз қаласы
№ 49 мектеп-гимназиясы
10.
Қарағанды облысы,Қарағанды қаласы
№101 мектеп-лицейі
11.
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы
Ж. Қизатов атындағы № 23 орта мектебі
12.
Қостанай облысы, Қостанай қаласы
№5 орта мектебі
13.
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№ 21 орта мектебі
14.
Павлодар облысы, Павлодар қаласы
№ 41 орта мектебі
426
15.
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл
қаласы
№ 40 орта мектебі
16.
Шымкент қаласы
Қ. Спатаев атындағы № 7 мектеп-лицейі
17.2 1-
сыныптағы «Француз тілі» және «Неміс тілі» оқу
бағдарламаларының апробациясы
2019-
2020 оқу жылында пилоттық мектептердің бірінші сыныптарында
«Неміс тілі» және «Француз тілі» оқу пәндері бойынша үлгілік оқу
бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер апробациядан
өткізіледі (тізім қоса беріліп отыр).
Оқу жүктемесінің көлемі: 1 сынып – аптасына 2 (екі) сағат, оқу жылында
66 сағат. Бұл оқу пәндерін мұғалімдер ҚР Білім және ғылым министрінің 2019
жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу
бағдарламасымен оқытады.
«Неміс тілі» және «Француз тілі» пәндерінің оқу бағдарламалары «Білім
берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Бастауыш
білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеу тізілімінде №17669 болып тіркелді).
«Неміс тілі» және «Француз тілі» пәндерінің оқу бағдарламалары:
1) білім алушылардың талдау, бағалау және шығармашылық ойлауын
қалыптастыратын әр түрлі тапсырмаларды орындау;
2) ауызша және жазбаша түрдегі дереккөздердің сан алуан түрлері;
3) қызықты және уәждеуші пәндік мазмұн арқылы білім алушылардың
тілді А1 деңгейінде меңгеруіне жету мақсатын көздейді.
Бастауыш мектеп бағдарламасының мазмұны оқушылардың күнделікті
қарым-қатынаста неміс және француз тілдерін қолдана білуін дамытуға және
одан әрі оқыту үшін берік негіз құруға бағытталған.
Бастауыш мектептің «Неміс тілі» және «Француз тілі» пәндерінің оқу
бағдарламалары оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыруға және
дамытуға, олардың қызығушылығы мен өзіне деген сенімділігін арттыруға,
сондай-ақ неміс және француз тілдерін оқуға деген оң көзқарасты
қалыптастыруға бағытталған. Кең спектрлі дағдылармен органикалық бірлікте
жеке қасиеттерді дамыту білім алушылардың бойына білім берудің базалық
құндылықтарын: "қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік",
«құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек және шығармашылық», «ашықтық», «өмір
бойы білім беру» сіңіру үшін негіз болып табылады. Бұл құндылықтар білім
алушының мінез-құлқын және күнделікті қызметін ынталандыратын тұрақты
тұлғалық бағдар болуға бағытталған.
«Неміс тілі» оқу пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
1)
тыңдалым (Hörverstehen/хёрферштэен): сабақтағы бірқатар іс-әрекет
427
түрлерін орындауға қатысты баяу және анық айтылатын қысқаша қарапайым
нұсқауларды тыңдау, баяу және анық айтылатын сұрақтар, көпшілікке таныс
есімдер және жер-су атаулары, жалпы және оқу лексикасының кейбір сөздері,
Бұл не? түріндегі қысқаша негізгі сұрақтар, фонемалар және олардың
тіркесімдерінің дыбысталуы, әліпби әріптері;
2)
айтылым (Sprechen/шпрэхэн): сабақ барысында адамдар, заттар және
іс-әрекеттер туралы қарапайым сөйлем құрастырады, өздерін таныстыра алады,
сабақтағы шағын әңгімелесу кезінде адамдар, заттар және іс-әрекеттер туралы
сұрақтар қояды, таныс сөздер мен сөздер тізбегін анық айтады;
3)
оқылым (Leseverstehen/лезеферштэен): әліпбидің әріптерін таниды
және атайды, есімдер мен жер-су атауларындағы бас әріптерді таниды, кейбір
таныс сөздерді біледі, әліпби әріптерін дұрыс реттілікпен орналастырады;
4)
неміс тілін қолдану (Sprachanwendung/шпраханвендунг): атау
септігіндегі зат есімдерді жекеше түрде қолданады, адамдар мен орындар
туралы айтады (2-3 сөйлем), есептік сан есімдер - 1-ден 12-ге дейін санайды,
адамдар мен заттарды сипаттау үшін дара сын есімдерді, ein/айн, der/дэр,
ein/айн, das/дас, eine/айнэ, die/ди артикльдерін, қарапайым сұрақтар құрастыру
кезінде was/вас, wer/вэр, wo/во, wie/ви сұрау сөздерін қолданады, атау
септігіндегі ich/их, du/ду жіктеу есімдіктерін, (Präsens/прэзэнс) осы шақты
қолданады.
«Француз тілі» оқу пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
5)
тыңдалым (compréhension orale/конпреасьон ораль): сабақтағы
бірқатар іс-әрекет түрлерін орындау бойынша баяу және анық айтылған қысқа
қарапайым нұсқауларды, жалпы жеке сұрақтарды, жалпыға мәлім есімдер мен
елді-мекен атауларын тыңдау, жалпы және оқу лексикасының кейбір сөздерінің
(айтылуы), «Бұл не?» түріндегі қысқа негізгі сұрақтар, фонемалар мен олардың
тіркестерінің, әліпби әріптерінің дыбысталуы;
6)
айтылым (production orale/продюксион ораль): сабақта адамдар, заттар
және іс-әрекет түрлері туралы бірінші жақтан қарапайым сөйлем құрастырады,
сабақтағы қарапайым әңгімелесу барысында адамдар, заттар және іс-әрекет
түрлері туралы сұрақтар қояды, таныс сөздер мен фразаларды анық айтады,
өзге адамдармен қарапайым әңгімелесу барысында өздерін таныстыра алады
және сұрақтар қоя біледі;
7)
оқылым (compréhension écrite/конпреасьон экрит): әліпбидің әріптерін
дыбыстайды және атайды, есімдер мен жер-су атауларындағы бас әріптерді
таниды кейбір көзге таныс сөздерді таниды, сөздерді әліпбилік ретпен
орналастыру үшін әріптерді (бірінші әріп бойынша) қолданады;
8)
француз тілін қолдану (utilisation du français/ютилизасьон дю франсэ):
жекеше және көпше түрдегі зат есімдерді қолданады, адамдар мен елді-
мекендер туралы айтады, 1-ден 20-ға дейінгі есептік сандар, адамдар мен
заттарды сипаттау үшін дара сын есімдерді, заттың орналасуын көрсету үшін
sur/сюр, sous/су, dans/дан көмекші сөздерінің қолданылуы, қарапайым
сұрақтарды құрастыру кезінде qui’est-ce que c’est/кэс кё сэ?, qui est-ce, où est/ки
эс? у э? сұрау есімдіктерін, заттарды көрсету үшін ce/сё, cet/сэ, cette/сэт, ces/сэ
сілтеу есімдіктерін, c’est/сэ, ce sont/сё құрылымдарын, өзі туралы негізгі
428
ақпаратты беру үшін жіктеу есімдіктерін қолдану, қарапайым командаларды
немесе нұсқаулықтарды құрастыру үшін бұйрық райды Lisez/Лизэ, ouvrez/уврэ,
fermez/фэрмэ (болымды түрде) қолданады, өзі туралы негізгі ақпаратты беру
үшін осы шақты (Présent/Прэзан) (болымды, болымсыз және сұраулы
формаларын) қолданады.
Оқу бағдарламалары бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына
арналған «Неміс тілі» және «Француз тілі» оқу пәні бойынша жаңартылған
мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасының қосымшасындағы Ұзақ мерзімді
жоспарға сәйкес жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |