423
қыркүйекте № 15725 болып тіркелген).
3.
«Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының
жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік
құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші
куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығы.
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық теориялық және
практикалық сабақтарда іске асырылады: теориялық сабақтарды оқытудың
дидактикалық материалдарын, техникалық
құралдар мен инновациялық
әдістерін қолдана отырып, әңгімелесу және сұхбаттасу түрінде өткізіледі.
Практикалық сабақтар оқулықты, қару және әскери-техникалық мүлікті,
құралдарды және өзге де жабдықтарды қолдана отырып, оқу материалын
игеруге бағытталады.
Оқу пәнінің
мақсаты – білім алушыға мемлекетті қорғау негіздері
туралы ойының қалыптасуын, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің
арналуын және түрлері мен ерекшеліктерін түсіндіру, әскери қызметтің
маңызын, Қазақстан Республикасының әр азаматының
қасиетті парызы және
міндетін оқыту.
Пәнді оқытудың негізгі
міндеттері:
6)
әскери анттың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
жарғыларының негізгі талаптары туралы білімін қалыптастыру;
7)
әскери бөлімдердің қару-жарағы мен әскери техникасы, жеке
құрамның өмірі мен орналасуымен таныстыру;
8)
қажетті әскери білім мен практикалық дағдыларды ақпараттық
технологияны пайдалана отырып робототехникада, дөңгелекті машиналарды
жүргізудің негіздері және төтенше жағдайда адам өмірі қауіпсіздігі негіздерінде
қалыптастыру;
9)
жастарға қазақстандық патриотизм мен Отанына деген адалдық сезімін
дарытуға тәрбиелеу;
10)
әскери істерге байланысты мамандық кәсібіне оң көз-қараста
тәрбиелеу.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәнінің мазмұны.
11-
сынып.
«Технологиялық дайындық» бөлімі:
1) Дөңгелекті машина жүргізу негіздері және ережелері. Жол
қозғалысына қатысушылардың міндеттері – Жол қозғалысы Ережелеріндегі
негізгі түсініктер мен терминдер. Жүргізушілерді, жол жүргіншілері мен
жолаушылардың міндеттері. Жүргізушінің өзімен бірге болуы тиіс құжаттарды;
2)
Бағдаршам және жол қозғалысын реттеушінің сигналдары – Бағдаршам
және жол қозғалысын реттеушінің сигналдары.
Арнайы сигналдарды
пайдалану. Авариялық дабыл және авариялық аялдау белгiсiн қолдану. Маневр
жасау. Көлік құралдарының жолдың жүріс бөлігінде орналасуын;
3)
Қозғалыс жылдамдығы – Қозғалыс жылдамдығы. Қарсы қозғалыс,
басып озу. Аялдама және автотұрақ. Қиылыстардан өту бағыттары.
Маршруттық көлік құралдарының аялдамасы және жаяу жүргіншілерге
424
арналған жолдарды;
4)
Әртүрлі жағдайлардағы қозғалыс – Темір жол өткелдері арқылы өту.
Автомагистраль арқылы қозғалыс. Тұрғын аудандардағы қозғалыс.
Маршруттық көлік құралдарының басымдықтары. Дыбыстық сигналдарды
және сыртқы жарық түсiру құралдарын пайдалануды;
5)
Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау – Механикалық көлік
құралдарын сүйреу. Көлік жүргізуді үйрету. Жолаушыларды тасымалдау.
Жүкті тасымалдау. Велосипедтер, мопедтер, көлік-арбаларының қозғалысы
және жолмен мал айдауға қойылатын қосымша талаптар.
Тірек-қимыл
аппараты бұзылған адамдардың қозғалысын қамтамасыз етуді;
6) Жол белгілері – Ескерту белгілері. Басымдық белгілері. Тыйым
салатын белгілерді;
7) Жол белгілері – Міндетті белгілер. Ақпараттық-нұсқағыш белгілері.
Қызмет көрсету белгілері (таңбалары). Қосымша ақпарат беру (кесте белгі)
белгілерін;
8) Жол таңбасы және оның сипаттамалары – Таңбалардың жіктелуі.
Көлденең және тік таңбалану талаптарына сәйкес орындалатын
жүргізушілердің іс-әрекеттері. Жұмыс істеу үшін көлік құралдарының
рұқсатнамасының негізгі ережелерін;
9) Автотранспорт құралдарын басқару және жол қауіпсіздігінің негіздері
–
Сабақтағы қауіпсіздік шаралары. Жүргізушінің жұмыс орнын дайындау.
Автомобильдің басқару тетіктерімен танысу. Жұмыс істемейтін қозғалтқыштың
басқару элементтерін әзірлеу. Жағдаяттық міндеттерді шешу. Қозғалтқышты
қосу. Автомобильді орнынан қозғалту, тура жолдағы қозғалыс,
тежеу және
тоқтату. Жағдаяттық міндеттерді шешу. Қисық траекториядағы қозғалыс,
маневр. Қосу қорабының қозғалыс жылдамдығын ауыстыра отырып жүргізу.
Жағдаяттық міндеттерді шешу. Гаражға кіру. Жағдаяттық міндеттерді шешу.
Тар кеңістіктегі бұрылыс. Автомобильді көлік тұрағына қою. Жағдаяттық
міндеттерді шешу. Эстакадаға кіру. Өрде тұрған автомобильді орнынан қозғау,
жүргізу. Жағдаяттық міндеттерді шешуді;
10)
Күрделі жол жағдайында автокөлiк құралын басқару – Қозғалысты
бастау және жол жиегіне (тротуар жанына) тоқтату. Жағдаяттық міндеттерді
шешу. Қашықтықты сақтай отырып лекпен қозғалу. Жағдаяттық міндеттерді
шешу. Бір қатардан екінші қатарға өту. Жағдаяттық міндеттерді шешу.
Реттелмейтін жол қиылысынан өту. Жағдаяттық міндеттерді шешу. Реттелетін
жол қиылысынан өту. Жағдаяттық міндеттерді шешу. Басып озу. Жағдаяттық
міндеттерді шешуді қамтиды.
Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан
тыс іс-шаралардың тәрбиелік
мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша
сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2019-
2020
оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу
ұсынылады.
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес (ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі №352
бұйрығы) «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәні бойынша
425
оқу жүктемесінің көлемі:
1) 11-
сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат қарастырылған.
Жаңартылған білім беру мазмұнын пилоттық енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 455
бұйрығының 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2017 жылғы «31» қазан №556 бұйрығының 5-қосымшасын
іске асыру мақсатында 2019-2020 оқу жылында 11-шы сынып оқушылары
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу бағдарламасын,
оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін апробациядан өткізу үшін
жаңартылған білім мазмұны бойынша оқитын болады (Республика бойынша 16
мектеп тізімі қосымша тіркелген).
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы «31» қазан №556
бұйрығына 5-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 6 қарашадағы
№ 455 бұйрығына 7-қосымша
(Жаңартылған білім беру мазмұнын
пилоттық енгізу туралы)
Достарыңызбен бөлісу: