37
диалогті жалғастыра отырып, кері байланыс беру қажет.
Сабақтарды бақылау оқу пәндерін оқыту практикасын жақсарту,
мұғалімнің кәсіби өсуі мен дамуы, сондай-ақ білім алушылардың білім сапасын
арттыру үшін негіз болуы тиіс. Сабақтарды бақылау нәтижелері педагогикалық
кеңестердің отырыстарында мезгіл-мезгіл тыңдалуға тиіс.
Назар аударыңыз! Педагогтер олардың кәсіби қызметіне тән
емес міндеттерге (пәтер және аула аралау, түлектерді ҰБТ пункттеріне
жеткізу және т.б.) тартылмауы тиіс.
Сондай-ақ Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша жалпы
білім беретін мектептердің рейтингін өткізуге жол берілмейді.
Орта білім беру ұйымдары Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық үшін
сынақ тестілеуін өткізуге қатыспайды, ал мұғалімдер мепктеп бітірушілерді
ҰБТ тапсыру пункттеріне алып баруды және ҰБТ базасын толтыруды
қамтамасыз етпейді.
Достарыңызбен бөлісу: