40
мектепке дейінгі жастағы балалардың ерте дамуы.
Мектепалды даярлық топтары мен сыныптарында педагогикалық
процесті жүзеге асырудың негізгі бағыттары
Білім беру процесі балаларды мектепте оқуға табысты дайындау үшін
сапалы білім беру қызметтерін ұсынуға бағытталған.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін 2019-2020 оқу жылында келесі
міндеттер анықталды:
-
балалардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайту;
-
білім беру процесін жетілдіру;
-
баланы
тәрбиелеу және дамыту, оның ішінде инклюзивті білім беру
мәселелерінде ата-аналарды қолдау;
-
балаларды рухани-адамгершілік құндылықтарға баулу.
Білім беру процесін жетілдіру;
2019-
2020 оқу жылында меншік нысанына қарамастан мектепалды
даярлық сыныптары мен топтарындағы тәрбие-білім беру процесінің мазмұны
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік
жалпыға міндетті
стандартына (бұдан әрі-Стандарт) сәйкес қамтамасыз етіледі.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартына жас мерзімділігіне
қатысты
өзгерістер енгізілді (22 тармақтың 2 тармақшасы) :
-
мектепалды жас: мектепалды топтар, сыныптар – 5 жастан бастап;
Білім беру процесі келесідей жүзеге асырылады:
-
ортақ тақырыптар негізіндегі перспективалық жоспар;
-
апталық циклограмма;
-
диагностика негізіндегі мониторинг (бастапқы, аралық және
қорытынды).
Достарыңызбен бөлісу: