Бакалавриат



Pdf көрінісі
бет41/55
Дата14.06.2022
өлшемі0,54 Mb.
#36797
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   55
Байланысты:
5 5B010900 (2)

 
Математиканы оқытудың əдістері мен заманауи технологиялары


61 
Математиканы оқытудың əдістері жəне олардың классификациясы. 
Математиканы оқыту процесіндегі бақылау мен тəжірибе, салыстыру мен 
аналогия, жалпылау, абстракциялау жəне нақтылау, индукция мен дедукция, 
анализ бен синтез. Толық жəне толық емес индукция. Математикалық 
индукция əдісі. Математиканы оқытудың интерактивті əдістері. 
Математиканы оқытудың заманауи технологияларының сипаттамасы. 
Математиканы оқыту жүйесіндегі проблемалық-ізденушілік технологиялар. 
Дамыта оқыту технологиялары. Математикалық білім берудегі модульдік 
технология. Математиканы саралап оқыту технологиясы. Дидактикалық 
бірліктерді ірілендіру оқыту технологиясы ретінде.
Математикалық 
білім 
беру 
саласын 
компьютерлендірудің 
психологиялық-педагогикалық жəне əдіснамалық негіздері. Математиканы 
оқытудың 
қазіргі 
заманғы 
ақпараттық 
жəне 
коммуникациялық 
технологиялары.
Мектеп математика курсының негізгі мазмұндық-əдістемелік бағыттары 
жəне оларды оқыту əдістемесі
Сандар жүйесін оқытып-үйрету əдістемесі: сан ұғымын кеңейту; 
натурал жəне теріс емес бүтін сандар; сандардың бөлінгіштігі; бөлшектер 
жəне оларға арифметикалық амалдар қолдану; бүтін жəне рационал сандар, 
оларға арифметикалық амалдар қолдану; иррационал, нақты жəне комплекс 
сандар, оларға амалдар қолдану; арифметикалық амалдардың заңдары; 
оқушылардың есептеу мəдениетін қалыптастыру мəселелері.
Теңбе-тең түрлендірулерді оқытып-үйрету əдістемесі: сандық жəне 
алгебралық өрнектер; теңбе-теңдік ұғымының əртүрлі түсіндірмелері;
теңбе-
тең түрлендірулер, олардың түрлері, мектеп математика курсындағы орны 
мен ролі; жалпы білім беретін мектептің əртүрлі буындарында теңбе-тең 
түрлендірулерді оқытып-үйрету. 
Функцияны оқытып-үйрету əдістемесі: функция ұғымының бейнелеу 
ретіндегі ғылыми түсіндірмесі; мектепте функция ұғымын енгізудің əртүрлі 
тəсілдері; негізгі мектептің алгебра курсында функцияны оқып-үйренудің
əдістемелік жүйесі; функцияның графигі туралы ұғым; 7 сыныпта 
функцияны оқып-үйрену; сызықтық функция; 8 – 9 сыныптарда функцияны 
оқып-үйрену; квадраттық функция; 10–11 сыныптарда функция туралы 
мəліметтерді жүйелеу; функцияның негізгі қасиеттері; функцияны
зерттеудің жалпы схемасы; көрсеткіштік жəне логарифмдік функциялар; кері 
функция туралы ұғым; дəрежелік функция; тригонометриялық функциялар. 
Теңдеулерді оқытып-үйрету əдістемесі:теңдеулер жəне олардың мектеп 
математика 
курсындағы 
алатын 
орны;«теңдеу» 
ұғымының 
əртүрлі 
анықтамалары,оларды 
қалыптастыру;теңдеулердің 
мəндестігі
туралы 
теоремалар;5-6 сыныптарда теңдеулерді оқып-үйрену;7 сыныпта теңдеулерді 
жүйелі түрде оқып-үйренуді бастау; теңдеулерді шешудің жалпы əдістері; 
сызықтық теңдеулер жəне олардың жүйелері;квадрат,биквадрат,бөлшек-


62 
рационал теңдеулер жəне олардың жүйелері;иррационал,көрсеткіштік, 
логарифмдік, тригонометриялық теңдеулер жəне олардың жүйелері; белгісізі 
модуль таңбасы астындағы теңдеулер жəне олардың жүйелері. 
Мəтінді есептерді шығаруды оқытып-үйрету əдістемесі:математиканы 
оқытудағы есептердің ролі,олардың дидактикалық қызметі;есептердің
шешімін іздеу; есептерді шығарудың негізгі кезеңдері;математиканы есептер 
арқылы оқып-үйрену;мəтінді есептерді жүйелеу мен классификациялау 
мəселелері;арифметикалық амалдардың компоненттері арасындағы тəуел-
ділікке берілген есептер; процентке берілген есептер; қозғалысқа берілген 
есептер; жұмысқа жəне еңбек өнімділігіне берілген есептер; концентрация 
мен проценттік құрамға берілген есептер; стандартты емес есептер.
Теңсіздіктерді оқытып-үйрету əдістемесі: теңсіздіктердің мектеп 
математика курсындағы алатын орны; «теңсіздік» ұғымының əртүрлі 
анықтамалары, оларды қалыптастыру; теңсіздіктердің мəндестігі туралы 
теоремалар; сандық теңсіздік туралы ұғым, сандық теңсіздіктердің
қасиеттері, сызықтық теңсіздіктер мен олардың жүйелері; квадраттық 
теңсіздіктер; теңсіздіктерді жəне олардың жүйелерін шешудің интервалдар 
əдісі; 
иррационал, 
көрсеткіштік, 
логарифмдік, 
тригонометриялық 
теңсіздіктер жəне олардың жүйелері; белгісізі модуль таңбасы астындағы 
теңсіздіктер жəне олардың жүйелері. 
Математикалық анализ элементтерін оқытып-үйрету əдістемесі: 
арифметикалық жəне геометриялық прогрессиялар; шек жəне функцияның 
үздіксіздігі ұғымдары; туынды ұғымын қалыптастыру; функцияны зерттеуде 
туындыны пайдалану; жанаманың теңдеуі; интеграл ұғымын қалыптастыру, 
интегралдың қолданылуы.
Планиметрия курсын оқытып-үйрету əдістемесі: планиметрия курсын 
құрудың аксиоматикалық амалы; геометрияның негізгі ұғымдары жəне 
олардың қасиеттері; геометрияны оқып-үйренудегі көрнекіліктің алатын 
орны, геометриялық фигуралар; көпбұрыш ұғымын қалыптастыру; үшбұрыш 
жəне оның классификациясы; үшбұрыштардың теңдігі; төртбұрыш жəне 
оның классификациясы; дұрыс көпбұрыштар; шеңбер жəне дөңгелек; 
нүктелердің геометриялық орны; салу есептері; жазықтықтағы геометриялық
түрлендірулер; қоғалыс жəне ұқсастық; жазық фигуралардың ауданын өлшеу 
туралы ұғым. 
Стереометрия 
курсын 
оқытып-үйрету 
əдістемесі: 
стереометрия 
курсының 
логикалық 
құрылымы; 
кеңістіктегі 
параллельдік 
жəне 
перпендикулярлық; геометриялық денелер; геометриялық денелердің бүйір 
бетінің ауданы мен көлемі туралы ұғымдарды енгізу; геометриялық 
денелердің беттерінің ауданы мен көлемін есептеуге арналған формулаларды 
қорытып шығару; интегралды пайдалану; математиканы оқытудағы жəне 
оқушылардың кеңістіктік ойлауын дамытудағы геометриялық есептердің 
алатын орны.
Аналитикалық геометрия элементтерін оқытып-үйрету əдістемесі: 
жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі; векторлар жəне оларға
геометриялық жəне координаталық формаларда амалдар қолдау; кеңістіктегі 


63 
координаталар 
мен 
векторлар;кеңістіктегі 
түзудің,шардың 
жəне 
жазықтықтың теңдеулері. 
Стохастика мен ықтималдықтар теориясының элементтерін оқытып-
үйрету əдістемесі: мектеп математика курсына осы бөлімді енгізудің негізгі 
мақсаты; ақпаратты жинақтау, өңдеу жəне көрсетіп беру (сызбалар, кестелер, 
диаграммалар, 
графиктер 
жəне 
т.с.с.); 
комбинаторика 
элементтері;
ықтималдықтар теориясының элементтері. 
Мектепте математикадан оқу жұмысын ұйымдастыру 
Қазіргі заманғы математика сабағы: сабақтың ерекшелігі жəне 
функциялары; сабақтың типі мен түрлері; сабақтың құрылымы жəне оның 
өзгермелілігі; сабақтың кезеңдері жəне олардың өзара байланысы; сабаққа 
дайындалу, оны жоспарлау жəне өткізу; қазіргі заманғы математика сабағына 
қойылатын талаптар; математика сабағына əдістемелік тұрғыдан талдау 
жасау; математика сабағында ынтымақтастықты ұйымдастыру тəсілдері; 
математика сабағын өткізудің дəстүрлі емес жəне интерактивті формалары.
Сабақта жаңа оқу материалын оқытып-үйретуге дайындық кезінде, 
жаңа оқу материалымен таныстыру кезінде жəне жаңа білімді бекіту кезінде
оқушылардың қызметін ұйымдастыру. Математикалық білім, білік жəне 
дағдыларды 
тексеру 
кезінде 
оқушылардың 
қызметін 
ұйымдастыру. 
Математика сабақтарында оқушылардың өзіндік жəне шығармашылық 
қызметтерін ұйымдастыру. Оқушылардың логикалық ойлауы мен танымдық 
қабілеттерін дамытумен байланысты қызметін ұйымдастыру.Математикадан 
сыныптан тыс жəне факультативтік сабақтарда, инновациялық оқу 
орындарында, 
математиканы 
тереңдетіп 
оқытатын 
мектептер 
мен 
сыныптарда оқушылардың қызметін ұйымдастыру.
Математиканы оқыту əдістемесі педагогикалық ғылым ретінде
Əдістемелік – математикалық ғылымның объектісі, пəні, мақсаты мен 
міндеттері, зерттеу əдістері. Қазақстан Республикасындағы əдістемелік-
математикалық 
ғылымның 
дамуына 
тарихи 
шолу.Əдістемелік 
– 
математикалық ғылымның дамуындағы психологиялық жəне дидактикалық
зерттеулердің ролі.Əдістемелік – математикалық ғылымның алыс жəне 
жақын шетелдердегі қазіргі даму жағдайы.
«Математиканы оқыту əдістемесі» пəнін оқып-үйрену барысындағы 
білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет