Бакалавриат



Pdf көрінісі
бет38/55
Дата14.06.2022
өлшемі0,54 Mb.
#36797
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   55
Байланысты:
5 5B010900 (2)

Түсінік хат 
«Математиканы оқыту əдістемесі» курсы математиканың оқу пəні 
ретіндегі өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, дидактиканы нақтылай 
түседі, психологиялық-дидактикалық негізде жалпы əдістемелік идеяларды, 
қағидалар мен нұсқаулықтарды жасайды, сонымен қатар осы білімдерді
мектеп математика курсының нақты тақырыптарын оқып-үйренуде
қолданудың жолдарын айқындайды. Курс негізінен алғанда, Қазақстан 
Республикасының қазіргі заманғы жалпы білім беретін мектептері 
математика пəні мұғалімдерінің кəсіби дайындық деңгейінің сапасын
қамтамасыз етуге бағытталған.
«Математиканы оқыту əдістемесі» педагогикалық пəндер циклына 
жатады жəне оны философиялық, психологиялық, жалпыдидактикалық жəне 
математикалық дайындықтан өткен білім алушылар оқып-үйренеді. 
Дайындықтың 
осы 
деңгейін 
ескере 
отырып, 
əдістемелік 
курсты 
«Математиканы оқыту əдістемесі бакалавриаттағы оқу пəні ретінде» атты 
тақырыптан бастау тиімді болып табылады. 
«Математика жалпы білім беретін мектептердегі оқу пəні ретінде» 
жəне «Математиканы оқытудың əдістері мен заманауи технологиялары» 
тақырыптары жалпы білім беретін мектептің негізгі жəне жоғары 
буындарында 
математиканы 
оқытудың 
мақсаты 
мен 
міндеттеріне, 
мазмұнына, құралдарына, əдістеріне жəне заманауи технологияларына шолу 
жасауға арналады.
«Мектеп 
математика 
курсының 
негізгі 
мазмұндық-əдістемелік 
бағыттары жəне оны оқытудың əдістемесі» жəне «Мектепте математикадан 
оқу жұмысын ұйымдастыру» атты тақырыптар курстың негізгі тақырыптары 
болып табылады, олар жалпы əдістемелік идеялар мен қағидаларды мектепте 
математиканы оқыту барысында нақты мысалдармен көрсетіп беруді жүзеге 
асырады. Бұл өз кезегінде, жалпы əдістемеден дербес əдістемеге көшуді 
қамтамасыз етеді.
Курсты 
оқып-үйрену 
«Математиканы 
оқыту 
əдістемесі 
пəні 
педагогикалық 
ғылым 
ретінде» 
тақырыбымен 
аяқталады, 
мұнда 
студенттердің əдістемелік-математикалық ғылымның объектісін, пəнін, 
мақсаты мен міндеттерін, зерттеу əдістерін меңгеруі қамтамасыз етіледі. Бұл 
білімдерді олар курстық жəне дипломдық жұмыстар жазуда, сондай-ақ 
өздерінің болашақтағы əдістемелік жəне ғылыми-зерттеушілік қызметтерінде 
қолдана алады. 
Пəннің пререквизиттері: Элементар математика, Педагогика, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет