Ситуациялық есеп: №1 Есеп. Науқас 35 жаста . Диагнозы:Өкпе қатерлі ісігі 2кезеңі мен ауруханада медикаментозды
терапия қабылдады.
Сұрақтар:
1.Мейіргер қандай кеңес бере алады?
2. Паллиативті көмек кезінде психологиялық кеңес?
№2 Есеп. 32 жастағы науқас, ауруханаға асқазанның ойық жарасы ауруымен түсті. Толық
медикаментозды терапия қабылдап шықты, қазіргі кезде шағымы жоқ, тәулігіне 10 дана
темекі шегеді.
Сұрақтар:
1. Паллиатологияның қорытындысы немен аяқталады?
2. Шипажайлық емді ұсынуға болады ма?
3.Паллиатологияның инд ивидуалды жоспарын құру мақсатында мейірге қандай
кезеңдерге бөлу қажет?
2 сабақ 5.1. Тақырыбы:Паллиативті көмектің негізгі міндеттері. 5.2. Сабақтың мақсаты:
Дербес пән ретінде паллиативтік медицина, оның философиясы мен құқықтық негіздері
бойынша білім алу.
Қатерлі ісікке шалдыққан науқастарда өмір сапасын төмендетуші синдромдарды
анықтау үшін клиникалық тексеру минимумын және оларды жою принциптерін игеру.
Медициналық этика принциптеріне және дәрігердің қоғамдағы ролі мен жауапкершілігі
түсінігіне негізделген, қатерлі ісікке шалдыққан науқастармен тиімді қарым-қатынас
дағдыларын қалыптастыру.
5.3. Оқыту міндеттері:
Паллиативтік медицина аспектілерінің заңдары және құқықтары.
Паллиативтік көмектің халықаралық стандарты.
Онкологиялық науқастардың арнайы және жалпы клиникалық тексеру әдістері.
Қатерлі ісікке шалдыққан науқастардың өмір сапасын төмендететін синдромдардың
клиникалық белгілері және олрады жою принциптері.