ассоциация ұғымдарына сүйеніп қазақ әйелінің төл болмысын ашуға тырысқан
кешенді зерттеу.
Қорыта айтқанда, бүгінгі тіл біліміндегі жаңа бағыт болып саналатын
антропология саласы тіл арқылы ұлт болмысын ұғынуға мүмкіндік ашады.
Бұрын-соңды адам тілді зерттеуші субьект болса, бүгінде тіл арқылы адамды
зерттеп жүрміз. Осы бір жаңа бағыттың ең бір ұтымды тұсы ұлттық болмыс пен
мәдениетті ғылыми тұрғыда зерделей бастауында. Ұлт үшін бұл өте маңызды.
Ертеректе сонау ХІХ ғ. ғылыми еңбектерде бұл сала антропоөзектілік деп
нақтылы атаумен берілмесе де, А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов
және т.б. ғалымдардың еңбектерінде тіл саласының бір мәселесі ретінде
қарастырылып
келген.
Ал
бүгінгі
ғылымның
ілгері
жылжуымен
антропоөектілік деген атқа ие болып отыр. Тілдің өмір сүруі ұлтпен тығыз
байланысты. Адамсыз ұлт болмайды, адамсыз тіл болмайды. Сондықтан ұлт
болмысын тануда адам мен тілді ұштастыра зерттеу тілдің жаңа қырларын
ашуға мүмкіндік береді.
1.3 Көркем мәтін тілінің коммуникативтік мазмұны мен автордың
«тілдік тұлға» болмысының сабақтастығы
Қазіргі қазақ тіл біліміндегі антропоөзектік бағыттағы зерттеулердің бір
тобы тілді ұлттық дүниетанымның тілдік көрінісін сипаттауға арналады.
Солардың бірі – Ж. Абдрахманованың «Тіл мен дүниетаным сабақтастығы
(Ә. Кекілбаев шығармалары негізінде)» атты кандидаттық диссертациясы.
Ғалым бұл еңбегінде Ә.Кекілбаев шығармаларындағы ұлттық-дүниетанымдық
лексиканың қолданылу жайы мен жасалу жолдарына тоқталады. Автор жазушы
шығармаларында кездесетін ұлттық бояулы сөздердің (мысалы: бісміллә,
абысын, міз бақпау, күлдіреуіш, қымыздай сапыру, кәрі жілік, мүшел жас,
саптыаяқ, туырлық) көркем шығармада атқарар рөлі мен қызметін талдай
40
отырып, оның (жазушының) тілдік тұлғасын, аялық білім деңгейін қорытып
шығуға тырысқан. Ә. Кекілбаевтың «Ханша Дария хикаясы», «Елең-алаң»,
«Үркер», «Күй», т.б. тарихи тақырыптағы шығармаларындағы дүниетанымдық
лексиканың аясындағы тарихи, діни, тұрмыстық, диалектілік сөздерді неге
және қалай пайдаланғанын қарастырып, олардың жазушының көркем және
публицистикалық бағытта жазған туындыларында қолданылуындағы уәжін
анықтаған [59].
Сонымен, жоғарыда көрсетілген еңбектер тілдің тек адамдар арасындағы
қарым-қатынас құралы ретінде жұмсалатын коммуникативтік қызметін зерттеу
жеткіліксіз, оны тудырып, дамытатын, жетілдіретін, тілдің коммуникативтік
қызметін өзгертетін адамнан бөліп қарау мүмкін еместігін айғақтайды. Тіл
біліміндегі антропоөзектік бағыттағы зерттеулердің негізгі сипаттарының бірі –
белгілі бір ақынның/жазушының тілдік қорын, көркемдік әлемін анықтау
арқылы оның дүниетанымын, тұлғалық даралығын тану.
Антропоөзекітік бағыттағы зерттеулері «Сөздер сөйлейді», «Абайдың сөз
өрнегі», «Қазақ әдеби тілінің тарихы» еңбектерінен бастау алған
Р. Сыздықованың «Сөз құдіреті» атты зерттеуі – қазақ тіл біліміндегі көркем
шығарманы лингвостилистика саласының талаптарына сай зерделеудің үлгісі
боларлық. Еңбектің «Жазушы тілі және оның көркемдік әлемі» атты алғашқы
бөлімі
қазақ
әдебиетіндегі
қаламгерлердің
(М. Әуезов,
Ш. Мұртаза,
Ә. Кекілбаев, М. Мағауин, О. Бөкей, С. Бердіқұлов, А. Сүлейменов, Т. Ахтанов,
Қ. Жұмаділов, К. Сегізбайұлы, т.б.) белгілі бір шығармаларының тілдік-
стильдік белгілерін сипаттауға арналған. Ғалым аталған авторлардың суреттеу
шеберлігін, көркемдік әдістерін, сөз таңдауын, сөз қолданысын, сөз әрлеуін,
автор тілі мен кейіпкер тілін, сондай-ақ сөз тіркестіру, сөйлем құрастыру және
т.б. синаксистік құрылым ерекшеліктерін сөз етеді. Автор көркем шығармада
кездесетін
кірме,
көне,
кәсіби
сөздер
мен
диалектизмдердің,
этнографизмдердің, т.б. тілдік бірліктердің жұмсалу мақсатына, қызметіне
олардың уәжді-уәжсіз қолданылуына назар аудара отырып, тілдік тұлғаның
аялық біліміне, жеке тұлғасына ғылыми тұрғыда баға береді. Түптеп келгенде,
лингвистика тұрғысынан жан-жақты талданған мәселелердің тұтасып келіп,
көркем мәтіннің коммуникативтік кеңістігіндегі қызметін көрсетуі осы еңбектің
біздің зерттеуімізге тікелей қатыстылығын және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан
қандай маңызды екенін көрсетеді.
Құрылымдық лингвистика парадигмасы кезеңінде жазылса да, ғалымның
шығармашылық өрісі академик В.В.Виноградовтың «автор бейнесі»
қағидасына сүйеніп, қаламгер тілінің ерекшелігін оның тұлғалық болмысымен
байланыстыратыны байқалады. Автор «Сөз құдіреті» дегенде жеке сөздің емес,
жалпы тілдің жұмсалымдық тұлғасының, яғни көркем мәтіндегі тілдің
көрінісінің құдіретін, құпиясын ашуды көздейді. Мұның өзі сөзді жеке-дара
емес, жазушының қолданысы тұрғысынан қарастыру деген сөз. Бұл туралы
ғалымның өзі былай дейді: «Сөз құдіретін таныту дегеніміз – жазушы тілінің
көркемдігін, сол көркемдікті жүзеге асырып тұрған тілдік құралдар мен
тәсілдерді көрсету болып шығады» [60, 3 б.].
41
Осы бағытта жазылған жұмыстардың бірі – Ф. Қожахметованың
«Тұрмағамбет Ізтілеуов тілдік тұлғасының дискурстық сипаты» атты
кандидаттық диссертациясы. Т. Ізтілеуов шығармаларының тілін зерттеуді
алғашқылардың бірі болып қолға алған ғалым оның тілдік тұлғасын
Ю.Н. Караулов ұсынған үш деңгей (нөлдік, когнитивтік, уәждік) бойынша
қарастырған. Тұрмағанбет ақын тіліндегі етістіктердің, көріктеу құралдарының,
кәсіп, зат, сан атаулары мен кірме сөздер қолданысының «ғаламның тілдік
бейнесін» жасаудағы танымдық мәнінің коммуникативтік қызметін кеңінен аша
білген. Автор шығармаларын концептілік талдау да бұл еңбектің басты
бағыттарының бірі болып саналады. Ғалым Т. Ізтілеуов дискурсындағы «өмір»,
«өлім», «оқу, ғылым», «ақыл», «адамгершілік», «қайғы», «бақыт», «кедейлік»,
«байлық», «өкініш», «қуаныш», «татулық», «соғыс», т.б. концептілерінің
антропоцентристік негізін анықтаған [61].
Белгілі балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың тілдік тұлғасын тануда
жүйелі зерттеу жүргізген ғалым Ж. Саткенованың «Кейіпкер тілінің
когнитивтік аспектісі (Б. Соқпақбаев шығармалары бойынша)» атты
кандидаттық диссертациясы жазушының көркем шығармаларында автордың
аялық білімін, «әлемнің тілдік бейнесін» жасаудағы автор қолданысындағы
тілдік бірліктер мен сөз оралымдарының коммуникативтік қызметін анықтауға
арналған.
Еңбекте
«тілдік
тұлға»
мәселесі
Б.
Соқпақбаевтың
шығармаларындағы жазушының өз бейнесін таныту мақсаты бірінші жақтан
баяндалу арқылы жүзеге асып, басты кейіпкер бейнесін жасайды. Автор
жазушының тілдік қолданысын нөлдік, когнитивтік, уәждік деңгейлер (Ю.Н.
Караулов бойынша) дәрежесінде саралап көрсетеді. Тілдік тұлғаның нөлдік
деңгейінде теңеу, метафора, эпитет, метонимия, синекдоха сияқты көріктеуіш
құралдарының балалар танымындағы «әлемнің тілдік бейнесін» сипаттаудағы,
сонымен бірге көркем шығарманың эстетикалық қуатын күшейтудегі
қызметтеріне жан-жақты талдау жасалған. Ал тұлғаның танымдық, яғни
лингвокогнитивті деңгейіне көркем шығармада кездесетін мақал-мәтелдер,
фразеологиялық тіркестер, авторлық қолданыстағы афоризмге айналған сөздер
мен сөз оралымдары, сондай-ақ бейвербалды қолданыстар жатқызылады.
Үшінші деңгей – уәждік деңгейді беретін амалдар бала психологиясына,
қияланы сай бірнеше топқа бөлініп қарастырылған (соматикалық ұғымдармен
байланысты уәжділік; төрт түлік мал атуларына байланысты уәжділік; аң-құс,
балық атауларына байланысты уәжділік; тұрмыстық зат атауларына
байланысты уәжділік; табиғат құбылыстарына байланысты уәжділік) [62].
Сонымен қатар ғалым таным мәселесіне концепт тұрғысынан келеді. Ж.
Саткенова Б. Соқпақбаев шығармасынан арман, қиял, талант шабыт,
тәртіптілік, тәртіпсіздік, қулық, өмір, тағдыр, дүние, тоқшылық, той,соғыс,
аштық, қуаныш, өкініш, сезім, қызғаныш, ұят, қорқыныш, үрейлену, қобалжу,
сезіктену, ашулану сияқты 24 түрлі концептіні бөліп көрсеткен. Зерттеуші
В.А.Маслованың концептілер жіктемесіне сүйене отырып, бұл сөздерге
концептілік талдаулар жасаған. Атап айтсақ:
- жеке тұлғалық концептілер;
- адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты концептілер;
42
- жалпыұлттық концептілер жіктемесін басшылыққа алады.
Ғалым еңбегінде концептілер бала танымында, жас ерекшеліктеріне қарай
қалыптасатынын айта келе, түрлі концептілер негізінде баланың дүниетанымы,
танымдық кодтары, мәдени кодтарын қалыптасатынын түсіндіреді.
Автордың тілдік тұлғасын антропоөзектік бағытта зерттеп, талдаған
еңбектердің бірі – Г.Ә. Мұратованың «Абайдың тілдік тұлғасы: дискурстық
талдау мен концептуалды жүйесі» атты докторлық диссертациясы. Ғалым
еңбегінде Абай дискурсындағы әртүрлі тілдік бірліктердің (төл сөздер, кірме
сөздер, диалектизмдер, мақал-мәтелдер, этнографизмдер) шығармадағы
прагматикалық қызметін талдайды, Абайдың тілдік тұлғасын лингво-
когнитивтік талдауда ақын өлеңдеріндегі «толық адам», «күлкі», «қайғы»,
«өтірік», «мақтан», «жағымсыздық», «жайлау, «қымыз» концептілерінің
семантикалық мазмұнын ашып көрсетеді. Мысалы, Абай шығармаларындағы
«өтірік» концептісінің тезаурустық қатарын былай көрсетеді: өтірікке тұшыну
Достарыңызбен бөлісу: |