3
АНЫҚТАМАЛАР
Диссертациялық жұмыста төмендегідей
терминдер мен анықтамалар
қолданылады:
Автор – идеяның иесі, оқиғаны құрастырушы,
оқырманға туындыны
жеткізуші. Ол – кейіпкерлерді оқиға заманына апарып, түрлі
қимыл-
әрекеттермен сипаттап, оқиға желісімен өмір сүруге ықпалын тигізетін тұлға.
Автор бейнесі – бұл шығарманың ішінде осы туындыны жасаған бейне
пайда болған кезде туындайтын ерекше эстетикалық категория.
Авторлық идеал – автордың арман-тілектерін жүзеге асыру мақсатында
жасалған бейне.
Ақпарат
фактілер
мен оқиғалар, процестер туралы хабарламалар.
Адамға әр түрлі арналар арқылы келетін және оның санасында өңделіп,
сұрыпталатын,
кодталатын мәліметтер, деректер,
білімдер; коммуникация
процесінде тілдік құрылымдар арқылы ұсынылып жеткізілетін білімдер.
Антропоөзектік парадигма – тілді
адамның танымдық ойлау
қабілетімен байланыстыра қарастырады. Антропоөзектік бағыттар –
этнолингвистика,
психолингвистика,
социолингвистика,
когнитивтік
лингвистика және лингвомәдениеттану. Қазіргі таңда қазақ тіл білімінің
мәселелері осы бағыттардың
негізінде зерттеліп, қазақ тілінің жүйелі-
құрылымдық қызметімен қатар, танымдық қызметтерінің шеңбері кеңейе түсті.
Достарыңызбен бөлісу: