16
месе қашуды еш уақытта ойламады. Далалықтар
сатқындық пен қорқақтықты жек көрді, ондай-
ларды қатал жа залады.
Қазақ даласы жау шабуылына жиі ұшырап
отырды. Өздері туып-өскен кең-байтақ даланың әр
сүйем жерін қорғап қалу жолында оқтын-оқтын
күреске шығуға тура келді. Қазақтар шайқаста
ерлігімен көзге түскен қатардағы жауынгерлер
мен қолбасшыларды «
батыр» атаған. Батыр атағы
халық тарапынан жеке тұлғаларға қан майданда
ерліктің ерен үлгісін көрсеткендерге ғана берілді.
Бұл атақ мұрагерлікке қалдырылмады. Батыр
атағын хан-сұлтандар да, билер мен қарапайым
ха лық та ала алатын. XVIII–XIX ғасырларда Әбіл-
қа йыр, Абылай мен Кенесары хандар да батыр
атанды. XVIII ғасырдағы қазақ қоғамында халық-
тың құрметіне бөленген батырлар көп болды. Бұл
қазақтардың жоңғар басқыншыларына қарсы жүргізген азаттық күресіне
байланысты еді. Басқыншыларға қарсы күресте Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай, Наурызбай, Малайсары, Олжа-
бай, Тайлақ, Байымбет және т.б. батырлардың даңқы
шықты. Ерлігімен айрықша танылған батырлар Түр-
кістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерлену
құрметіне ие болды. Қазақ халқы ба ла ларына әйгілі
батырлардың есімдерін бер ген.
Достарыңызбен бөлісу: