33
беделi мен ықпалынан айырыла бастады. Оның Ресей
қол астына өтуден күткен үмiтi ақталмады. Ол тек
Кiшi жүздiң ханы болып бекiтiлдi. Сондықтан ол өз
ғұмырының соңғы күнiне дейiн патша әкiмшiлiгiне
бағынбауға тырысты. Оның үстiне, қазақтардың қалмақтармен, башқұрт-
тармен және Орал казактарымен шегара
аймағындағы шиеленiстi
қақтығыстары тоқ татылмады. Әбiлқайырдың патша үкiметiне қарсы
белсендi iс-әре кет терi оның саяси қарсыластарының қолынан қаза
тапқанынан кейiн ғана тоқтады.
Ресейдiң қол астына өткен Кiшi жүз қазақтарына патша үкiметi
тарапынан ешқандай нақты әскери көмек көрсетiлмедi.
Сондықтан
жоңғарлардың билеушiсi
Қалдан Серен Қазақстан аумағына жаңадан
жойқын жорық жасады.
5. ресей империясының Қазақстандағы
ХVІІІ ғасырдың 30–50-жылдарындағы
саясаты. Әбілқайыр ханнан кейін бірқатар
билеушілер
Ресейдің қол астына өте бас-
тады. Бұл қазақтарға қысқы уақытта ше-
гара шебінің ішкі жағына еніп, уақытша
тұрақтауына мүмкіндік беретін еді. Ресейдің
иелігіне,
негізінен, шегара шебіне таяу тұратын қазақтар өтті.
Ресей империясы қазақ өлкесінде жағдайын нығайтып, бекіте түсу
үшін бекіністер салуды одан әрі жалғастырды. Кіші жүздің аумағын жан-
жақты зерттеу мақсатымен 1734 жылы
Қырғыз-қайсақ (Орынбор)
экспе-
дициясы құрылды. ХVІІІ ғасырдың 30–40-жылдарында әскери бекіністері
Көш.
П.С. Палластың еңбегiнен
Суретке қарап,
шағын
әңгіме құрастыр.
Қажетті дерек
1735 жылы Орынбор қаласының
негізі қаланды. Орынбор Батыс
Қазақстан
аумағын отарлау орта-
лықтарының біріне айналды.
3–3467
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
34
бар
Үй шегара шебі салынды. Ол Жоғарғы Жайық
бекінісінен Звериноголовская бекінісіне дейінгі 770
шақырымға созылды. Патша үкіметі 1734 жылдан
бастап қазақтардың Жайық өзенінің оң жақ өңірінде
көшіп-қонып жүруіне қатаң тыйым салды.
Ресей империясы қазақ-жоңғар соғыстарын пай-
даланып, қазақ жерін одан әрі жаулап алу әрекетіне
кірісті. 1752–1755 жылдары Орта жүз қазақтары же-
рінің солтүстік аймағында Жаңа Есіл шегара шебін-
дегі әскери бекіністер мен шағын дала бекіністері
тұрғызылды. Ол Үй өзені нен басталатын
шегара шебін Ертіс шегара
шебімен жалғастырды. Оның жалпы ұзындығы шамамен 540 шақырым
болды. Бойында көптеген ащы сулы көлдер бар бұл шепті халық «Қасірет
белдеуі» (Горькая линия) деп атады.
Достарыңызбен бөлісу: