59
Патша үкiметi казактардың еркiндiгiн шектеу саясатын ұстанды.
Олардың тұрмысына бiрте-бiрте қатаң әскери тәртiп енгiзiле баста ды.
Мәскеу мемлекетi Жайық казактарына оңтүстiк-шығыс шегара ны қорғау
және әскери отарлау мiндеттерiн жүктедi. Жайық казактары 1773–1775
жылдарда Пугачев бастаған шаруа лар көтерiлiсiне қа тысты. Мұның өзi
патша үкiметi тарапынан Жайық казактарының
өзiн-өзi басқару құқығына
қысым жасап, шектеулер қоюына қатыс ты болған едi.
Жайық казактары ауқатты тұрды. Әрбiр казактың 80 десятинадан
жер телiмi болды.
Олар егiншiлiк пен балық аулау, тұз өн дiру және
аңшылықпен айналысты. Жайық казактары жердi қо ғамдық негiзде пай-
даланды. Орасан зор жер көлемiн иемденген казактар жердi ішкi Бөкей
Ордасындағы және Жайықтың сыртқы
жағындағы қазақтарға жалға
бердi. Олар осылай мол табыс көзiне ие болды.
Қызыл балық пен қара уылдырықтың өзiнен ғана
казактар кү мiс ақшамен жыл сайын қомақты табыс
табатын. Олар жыл сайын 300 мың басқа дейiн қой
сата алатын.
Жайық казактары ХХ ғасырдың басына дейiн
өзде рiнiң дәстүр ле рiн, «байырғы ескi» тәртiптерiн
және тұрмыс-тiршiлiк салтын неғұрлым берiк сақ-
тады. Жайық казак әскерлерiнде
байырғы ескi дiни
наным-сенiм ұзақ сақталды.
Жайық казактары қазақтардың шаруашылығы мен тұрмы сына елеулi
түрде ықпал еттi, өз кезегiнде, олар да қазақтардан бiрқатар ша руашылық
дағдыларын үйрендi. Олар қазақтардың әдет-ғұрып, салт-санасымен та-
ныс болды. Жайық казактарының тi лiне қазақтардың
баспақ, дөнен, нар,
тымақ, жасауыл сияқ ты бiрқатар сөз дерi сiңiсiп кеттi.
Достарыңызбен бөлісу: