88
(1837 жылғы 5 қараша. – Исатай Тайманұлы бастаған көтерiлiс туралы
Орынбор әскери губернаторына подполковник Гекенiң қол қойып жолда-
ған рапортынан).
«Мына жағдайды хабарлауды өз борышым деп санаймын. Болып өткен сой-
қанды оқиғалардың iзiн ең таяу жерден өзiм көрiп шыққаннан кейiн мұн дағы
қазiргi жағдай менiң Орынбордан аттанарда көз алдыма ойша елес теткен-
дегiмнен әлдеқайда күрделi де қиын екенi айқын болды. Кiшi ордадағы тәртiп
пен тiршiлiктiң берекесi қашып, былыққаны соншалықты, тiптi оны ойлаудың
өзі қиын. Мұның ақыры немен бiтетiнi де бел гiсiз. Жұрттың бәрiнiң бастары
қатып, жаппай мазасыздық жайлап алған. Олар өз жауларынан кек алмай,
тоқтай алмайтын сияқты көрінеді».
ХVIII–ХIХ ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары. Алматы, 1964, 280–
282-беттер.
Бөкей хандығында қалыптасқан күрделі жағдайдың салдары қандай
болуы мүмкін?
§25–26.
Бүгінгі сабағымызда көтерілістің себептері, мақсаты мен қозғаушы
күштерін анықтаймыз. Кенесары хан көтерілісінің барысын, оның неліктен
жалпыұлттық сипатқа ие болғанын білеміз.
Достарыңызбен бөлісу: