Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


КЕНЕСАры ҚАСыМұлы БАСТАғАН ұлТ-АЗАТТыҚ



Pdf көрінісі
бет75/181
Дата06.07.2022
өлшемі7,89 Mb.
#37526
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   181
Байланысты:
Тарих 8(7)

КЕНЕСАры ҚАСыМұлы БАСТАғАН ұлТ-АЗАТТыҚ 
ҚОЗғАлыС (1837–1847)
Қазақтардың патша үкiметiнің отаршылдық саясатына қарсы 
ұзаққа созылған кө те рiлiстерiнiң бiрегейі 1837–1847 жылдары Кене-
сары Қасымұлы бас таған ұлт-азаттық көтеріліс болды. Көтерілістің 
мақсаты – қазақ халқының азаттығын, еркіндігін сақтау еді.
1. Көтерiлiстiң себептерi және қозғаушы күштерi. 
ХIХ ға сырдың 20–30-жылдарында отаршыл өкiмет 
билiгi мен қазақ хал қының арасындағы қарым-қатынас 
елеулi түрде шиеленiсе түстi. Кiшi жүз бен Орта жүздегi 
хан билiгiнiң жойылуы сұлтандардың, билердiң және 
батырлардың едәуiр бөлiгiнiң наразылығын туғызды. 
Патша үкiметi қазақ халқының ежелден қоныстанып 
келе жат қан жерлерiн әскери бекiнiстер салу үшiн 
жаппай тартып ала бастады. Патша үкi метiнiң әскери 
отрядтары қазақ ауылдарына шабуыл жасап, күн көр сетпедi. Осының 
тірек сөздер:
• Ағыбай батыр 
• Наурызбай батыр
• Сыздық сұлтан
• Иман Дулатұлы
• Бұқарбай батыр
• Манап
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


89
бәрi байырғы жергiлiктi халықты қатты күйзелiске ұшыратты, олардың 
күнкөрiсiн қиындатып жiбердi. 
Көтерiлiстiң басты 
мақсаты – қазақтардың патша үкiметi тартып 
алған атамекен қонысын қайтарып алу, округтердi тарату, отар шылар 
енгiзген алым-салықтарды жою едi.
Қозғаушы күш ретінде көтеріліске қатардағы 
қарапайым халық, сондай-ақ старшындар мен 
би, батырлар, тiптi сұлтандар да қатысты. 
Көтерілiсшiлердiң қалың қолына үш жүздiң 
атақты батырлары же текшiлiк еттi.
Көтерiлiске қатысушылар негiзiнен қазақ халқы едi. Бiрақ олар дың 
арасында орыстар мен башқұрт, өзбек, қарақалпақ, тү рiк мен, тiп тi по-
ляктар және басқа халық өкiлдерi де болды. Олардың кей бiреулерi ханның 
ерекше сенiмi мен құрметiне ие болып, жоғары ла у азымды қызметтер 
атқарды. Наурызбай сұлтанның ат қосшысы Ни колай Губин есiмдi орыс 
едi. Татар Әлiм Ягудин Әс ке ри кеңестiң мү шесi болатын. Дипломатиялық 
қызметке ханның аты нан өзбек Сейдаққожа Оспанов басшылық еттi. 
Бұлардың бәрi де Кене са рыға жақсы ұйымдастырыл ған тәртiптi әскер 
құруына кө мек тестi және көтерiлiсшiлерге өздерiнiң жеке тәжiрибелерiн 
үйреттi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет