98
2. «... Кенесары бүкiл ауыл-аймағымен Iле өзенiн бойлап,
Қытайдың iшкi
жағына қарай беттедi. Үйгентас деген жерге жеткенде сұлтан Құдай мендi
Саржановты, би Шоқмар Бақтыбаевты және
Сайдаққожаны тоғыз тұлпар
сыйлықпен Қытай үкiметiне жiберiп, оның жерiнде көшiп-қонып жүруге рұқсат
сұрады. Кенесарының жiберген елшiлерi бiр айдан кейiн екi қытай шенеунiгiмен
және бiр тiлмашпен бiрге қайтып келдi. Олар Қы тай жағының Кенесарыны
қамқорлығына ала алмайтынын айтты, оның келген жағына қайта барып, ақ
патшадан кешiрiм сұрауына кеңес бердi. Қытай үкiметi ақ патшаның алдында
сөзiмен де, iсiмен де кiнәлi болғысы кел мейтiнiн мәлiмдедi...»
Ресей Федерациясының Омбы облыстық мемлекеттiк мұрағаты. 1846 жылғы
30 қазандағы құжат.
1. Кенесары ханға қандай мiнездеме берiлген? 2. Кенесарының жiберген
елшiлерi Қытай шебiнде қандай мiндет атқарды? 3. Қытай Кенесарыны
және оның әскерлерiн өз жерiне жiберуден неге бас тартты?
Бүгінгі сабағымызда Орта Азия хандықтарына қарсы ұлт-азаттық күрестің себеп-
салдарын анықтаймыз. Көтеріліс басшыларының рөліне баға береміз.
§27–28.
Ресей әскерлерiнiң Қазақстанның оңтүстiгi мен оңтүстiк-шығыс
аумақтары арқылы iлгерi жылжи түсуi, Хиуа мен Қоқан хандықтары
тарапынан үнемi шабуылдардың жасалып тұруы, олардың шектен тыс
озбырлықтары мен шұрайлы жерлердi тартып алуы жергiлiктi қазақ
халқының көтерiлiске шығуына себеп болды. Көтерiлiстерді халықтың
ерекше құрметіне бөленген батырлар Жанқожа Нұрмұ-
хамед ұлы мен Есет Көтiбарұлы басқарды.
Достарыңызбен бөлісу: