214
тауарларды өндіру мен айырбастауда, тауарлардың экспорты мен
импортының көлемі мен бағытында
және басқа да экономикалық
үрдістерде құрылымдық жылжулар реттеледі.
Нарықты қалыптастыру мен қалыпты жағдайға түсіруде
экономикалық әдістердің ең тиімді пайдаланылатын бағыттарының
бірі – жекелеген қызмет салалары мен түрлерін саралау тәсілдемесі
болып табылады. Бұл саралау ең алдымен экономикалық
ынталандыруды күшейтуді талап ететін өндірістің артықшылығы
бар салаларында, яғни басым саларында қолданылуы керек, салық
және пайыз мөлшерлемерінде, еңбекақы деңгейінде, қысқа мерзімді
және ұзақ мерзімді несиелерде артықшылықтарға ие болуы қажет.
Нарықтық қатынастарды қалыптастырудың түпкі мақсаттарына
қол жеткізу үшін микродеңгейдегі (кәсіпкерлердің әрекет ететін
саласындағы) басқарудың экономикалық әдістер жүйесін әлеуметтік
бағыттағы тиімді нарықтың талаптарына
сәйкес орайластыру
(ыңғайластыру) қажет.
Басқарудың экономикалық әдістері – бұл адамдардың
экономикалық қатынастары мен олардың экономикалық мүдделерін
пайдаланатын адамдарға ықпал етудің тәсілдері мен әдістері.
Басқарудың көптеген экономикалық әдістерінің арасынан
өндірістің тиімділігін бастапқы буын
деңгейіне дейін арттыра
алатын әдістерді бөліп көрсетуге болады.
Оған мыналарды жатқызуға болады:
- экономикалық ынталандыру;
- экономикалық тетікті шаруашылық есепке көшіру;
- баға және баға белгілеу;
- фирмалардың қаржылық саясаты және т.б.
Экономикалық ынталандыру
Экономикалық ынталандыру – жұмыскерлердің экономикалық
мүдделерінде көрініс табатын өндірісті басқарудың әдісі. Оның
негізін ЖҰӨ жалпы табысына қосқан үлесіне қарай өндірістік
ұжымның және әрбір қатынасушының табыстарын қалыптастыру
құрайды.
Экономикалық ынталандыру мынадай негізгі қағидаларға
сүйенеді:
- экономикалық ынталандырудың
мақсаттарын қоғамды
дамытудың мақсаттарымен келісімге келтіріп, өзара байланыстыру;
215
- қоғамдық өндірістің құрылымындағы жоспарланған
өзгертулерді жүзеге асыруға бағытталған экономикалық
ынталандыруды саралау;
- ұжымдық және жеке мүдделердің бірыңғай болуын қамтамасыз
ететін алғышарттарды жасау;
- экономикалық ынталандыруды ар-ождандық ынталандырумен
ұштастыру;
- кәсіпорындардың және лауазымды тұлғалардың материалдық
жауапкершілігін қарастыратын
экономикалық санкциялармен
экономикалық ынталандыруды ұштастыру.
Экономикалық
ынталандырудың
маңызды
элементіне
материалдық ынталандыру жатады. Ол әр түрлі формада жүзеге
асырылады, оны ең алдымен әрбір жұмыскердің еңбекақысы
түрінде және ұжымның еңбек нәтижелерін ынталандыру түрінде
жүзеге асыруға болады.
Еңбекақы материалдық тұрғыдан ынталандыратын жүйеде
жетекші орын алады.
Шаруашылық жүргізудің іс-тәжірибесінде бірігіп еңбек етуге
және шұғыл міндеттерді (тапсырмаларды) қабылдап,
орындауға
ұжымның материалдық тұрғыдан мүдделілігін тудыратын әдістерді
әзірлеу ісі маңызды мәнге ие. Экономикалық ынталандырудың
көтермелеу қорын қалыптастырушы тетігі қорды қалыптастыратын
көрсеткіштердің таңдауын, пайдадан аударылатын (ұсталатын)
аударымдардың нормативтерін белгілеуді, қор мөлшерін анықтайтын
әдістерді әзірлеуді қарастырады. Нақ осы бағытта ғана ол ұдайы
жетілу үстінде болады.
Басқару
тетігінде фирмалардың, бірлестіктер мен салалардың
өндірістік-шаруашылық қызмет нәтижелеріне және олардың
басқару органдарының басқарушылық тиісті (міндетті) істерді
қалай орындағанына экономикалық тұрғыдан жауап берудің, яғни
экономикалық жауапкершілік әдістері маңызды орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: