Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет102/144
Дата12.07.2022
өлшемі4,22 Mb.
#37612
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   144
Байланысты:
Strategiyaly -menedzhment.-Berdaliev-K.-B

Экономикалық әдістер 
жүйесіндегі баға белгілеу тетігі
Басқару тетігінің әр түрлі экономикалық тұтқаларының 
ішінен басты орынды фирманың экономикалық қызметін барлық 
жағынан бейнелей алатын баға және баға белгілеу алады. Нарықты 
монополиялық тұрғыдан реттеудің осы заманғы жағдайында 
бағаның рөлі мен мәні, оны қалыптастырудың шарты мен даму 
тенденциясы елеулі өзгеріске ұшырады. Бұл реттеудің басы мен 
нақты нарық күшін тоқайластыруды білдіретін барлық баға белгілеу 
тетіктерінің сапалы түрде өзгергенін айғақтайды. Бұл өзгерістердің 
елеулі жағына бағаның өндірісті тікелей реттеуші ретіндегі рөлінің 
әлсіреу салдарынан құн заңы әрекет ететін салалардың шектеліп 
қалуы жатады, яғни құн заңының ықпалына бағынатын салалар 
санының кемуі елеулі өзгеріс болып табылады.
Сыртқы контрагенттермен есеп айырысқанда фирма көбінесе 
бағаның жарияланатын және есептесу деп аталатын екі түрін 
пайдаланады.
Жарияланатын бағаға берік тіркелген бағалар жатады:
- прейскуранттық;
- анықтамалық;
- биржалық бағалардың котировкасы;
- аса ірі фирманың әлемдік нарықтағы нақты мәмілелік бағалары, 
яғни аса ірі фирманың әлемдік нарықта жасаған нақты мәміледе 
белгіленген бағалар. Мұның мәліметі баспасөз беттерінде дүйім 
жұртқа хабарланады.
Есептесу бағалары – бұл күрделі өнеркәсіп құралына немесе 
стандартты емес өнімге белгіленетін, жеке тапсырыс бойынша 
дайындалатын жабдықтаушының бағалары. Яғни, күнделікті 


218
тұрмыста (тіршілікте) сирек ұшырасатын өзгеше өнім түріне, 
құрылымы күрделі құралға немесе арнайы біреудің тапсыруы 
бойынша жабдықтаушының ұсынатын (белгілейтін) бағасы бо¬лып 
табылады.
Жарияланатын бағалар әдетте әлемдік бағаның деңгейін 
көрсетеді. Оның ішіндегі ең кеңінен тараған – стандартталған 
түпкілікті өнімге белгіленетін прейскуранттық бағалар.
Анықтамалық бағалар да әлемдік нарықтағы бір текті өнімдердің 
бірыңғай (біркелкі) деңгейін және салыстырмалы тұрақтылығын 
айрықшалап көрсетеді, өнеркәсіптік шикізат тауарларының 
анықтамалық бағалары көбінесе базистік деп аталатын бағаларды, 
яғни белгілі бір сапасы мен саны өзіндік ерекшелігі және мөлшері 
бар тауардың бағаларын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет