Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет114/144
Дата12.07.2022
өлшемі4,22 Mb.
#37612
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   144
Байланысты:
Strategiyaly -menedzhment.-Berdaliev-K.-B

Өзара әрекет жасауды 
ұйымдастыру жауапкершілігі
Жауапкершілік – мойында бар міндеттемелерді орындау және 
оларды қанағаттандырарлықтай шешуге жауап беру деген сөз.
Міндеттеме ретінде жеке тұлғадан ол ұйымда белгілі бір қызмет 
атқаратын болса, нақтылы жұмыс талаптарын орындау күтілетінін 
түсінген жөн. Іс жүзінде жеке тұлға белгілі бір сыйақы алу үшін осы 
қызмет міндеттерін орындауға арналған мәміле жасайды.
Жауапкершілік еңбеккердің өзіне өкілетін беретін адамның 
алдындағы міндеттерін орындау нәтижелері үшін жауап беретінін 
білдіреді.
Табыстау тек өкілеттіктерді қабылдаған жағдайда ғана іске 
асады, ал жауапкершіліктің өзі ғана табысталуы мүмкін емес. Басшы 
жауапкершілікті бағыныштысына жүктей салып, өзі жырылып 
қала алмайды. Мысалы, егер сауда агенті өзінің жылға арналған 
жоспарлы міндеттерін орындамаса және соның нәтижесінде өткізу 
бөлімі өз жоспарын орындай алмаса, сауда агенті емес өткізу 
бөлімінің басшысы коммерциялық директор алдында жауап береді.
Бағыныштылар жауапкершілік пен өкілеттіктер ала отырып, 
өздерінің іс-әрекеттері үшін есеп бермейді деп ойламауы тиіс. 
Табыстау есеп берушіліктің барлық жүйесін бағыныштыларға 
толықтай көшірмейді. Түп негізінде барлық жауапкершілік 
менеджерлерде болады.
Нәтижелі менеджерлер өздеріне бірнеше міндетті ғана таңдайды, 
ал қалғандарын бағыныштыларға табыстайды. Егер өкілеттіліктерді 
делегирлеу сәтсіздікке ұшыраса, онда бұл бағыныштылардың 
кінәсінен емес, менеджердің айыбынан деп есептеледі.
Жақсы ойластырылған жоспарлау, басшылықтың да жақсы 
даярлығы, жауапкершіліктерді, өкілеттіктерді және есеп 
берушіліктің үйлестірілуі табыстау жүйесінің тиімділігіне кепіл 
болады.
Ірі ұйымдарда жоғары буын басшылары іс жүзінде нақтылы 
міндеттердің көпшілігін орындайтын төменгі деңгейдегі 


241
бағыныштылармен сирек қатынасады. Солай бола тұрса да 
басшылар фирма істері мен бағыныштылары үшін жауапкершілік 
көтереді.
Менеджерлердің, әсіресе ірі корпорацияларды басқаратындардың 
жоғары жалақысы болу себептерінің бірі – жауапкершілік көлемі.
Өкілеттіліктер – ұйымның ресурсын пайдалану құқығын шектеу 
және кейбір қызметкерлердің күш-жігерін белгілі бір міндетті 
орындауға бағыттау болып табылады.
Өкілеттіліктер дәл сол сәтте орын алып отырған жеке тұлғаға 
емес, қызмет орнына тапсырылады. Жеке тұлға жұмысын ауыстырса, 
ескі қызмет орнының өкілеттіліктерін жоғалтады және жаңасының 
өкілеттіліктерін алады.
Өкілеттіліктерді берудің екі тұжырымдамасы бар. Классикалық 
тұжырымдамаға сәйкес өкілеттіліктер ұйымның жоғарысынан 
төменге қарай беріледі. Мысалы, коммерциялық кәсіпорында, 
несиелеу бөлімінің басшысы өзінің өкілеттіліктерін бас бухгалтер-
бақылаушының орынбасарынан, ал ол қаржы мәселелері жөніндегі 
вице-президенттен, ол өз кезегінде президенттен алады. Ал 
президент өзінің өкілеттіктерін директорлар кеңесінен алады. 
Директорлар кеңесі акционерлерден, олар конституция мен ел 
заңдарына сәйкес жеке меншік институтынан өкілеттіктер алады.
Екінші 
тұжырымдама 
– 
қабылданған 
ұйымдастыру 
өкілеттіліктерінің тұжырымдамасы. Оның мәні мынада: 
бағыныштының бастықтың талаптарын қабыл алмауға құқы бар. 
Егер бағынышты басшыдан өкілеттіліктер қабылдамаса, онда 
өкілеттіліктерді беру болмайды.
Басшылар заңдарға немесе мәдени құндылықтарға қайшы 
келетін өкілеттіліктерді ұзақ уақытқа тапсыра алмайды.
Ұйымдастыру өкілеттіктерінің классикалық тұжырымдамасы 
былайша көрінеді (8-сурет).


242
Өкілеттік пен билік арасындағы айырмашылықтарды білген 
жөн. Олардың бір-біріне мағына жағынан жуықтығы соншалықты, 
оларды бір-бірінен көпшілігі ажырата бермейді. Өкілеттіліктер 
ұйым ресурсын пайдалануға құқық берілген осы қызмет орнына 
тән шектелген, тапсырылған құқық ретінде айқындалады. Биліктің 
бұдан айырмашылығы ахуалға әсер ете алу мүмкіндігі немесе іс-
әрекет ететін нақты мүмкіншілігі бар болып табылады. Өкілеттілікке 
ие болмай-ақ, билікті ұстауға болады.
Өкілеттіліктер қайсы бір қызмет орнында отырған адамның 
әрекет етуге құқығы бар екендігін айқындайды. Билікті қолдану 
тәсілдері ұйымға жағымды немесе жағымсыз әсер етуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет