147
Паркер және т.б. осы мектептің көрнекті өкілдері.
Бұл бағыттың негізгі ережесі –
бейресми шағын таптарға
қатысты рөлді анықтау және басқару іс-тәжірибесінде топтардың
психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерін анықтап,
пайдалануға мүмкіндік беретін әдістердің қажеттілігіне сендіру.
Осы мектептің өкілдері басқару жүйесіндегі
қызметкерлердің
еңбегін жетілдіру әдістерін іздестіруге айтарлықтай маңыз береді.
Әрі-беріден соң оларға ұйымның формалдық құрылымын қайта
құру барысында бейформалды әлеуметтік құрылымдарды өзгертуге
баса назар аударуына кеңес берілді.
Жауапкершілікті жүктеу біршама деңгейде ұйымдағы
мотивациямен байланысты. Осы позиция тұрғысынан Д. Мак
Грегордың көзқарасы кеңінен тараған. Оның айтуы бой¬ынша,
басқаруды ұйымдастырудың екі негізгі тәсілдемесі бар.
Біріншісі – Х
теориясы нормаланған тұжырымдар мен
операцияларды пайдаланатын мәжбүрлеу және көтермелеу («қамшы
және жылы-жұмсақ»), әдістерін қолдануға негізделген. Екіншісі
– У теориясы қызметкерлерді ынталандыруға,
септігін тигізетін
олардың белсенділікпен бастамалар көтеруіне мүмкіндік беретін
жағдай тудыруға айрықша көңіл бөледі.
Д. Мак Грегордың пікірі бойынша,
ұйымның Х теориясынан
У теориясына өту шамасына қарай ұйымның құрылымы қатаң
иерархиялық құрылымнан қашықтап, күрделі өзгеріске ұшырамақ.
Жалпы қорытындысында «адамгершілік қарым-қатынастар»
мектебі адам факторының
есебіне және ұжымда тиісті
психологиялық климат тудыруға баса назар аударады.
Достарыңызбен бөлісу: