194
жеке
адамдар мен ұжымдар, сондай-ақ тұты¬нушылардың одағы
мен қауымдастықтар;
- келісімшарт немесе басқа негізде жалданып еңбек ететін
жұмыскерлер, сондай-ақ олардың кәсіподақтары;
- мемлекеттік құрылымдар. Олар тек мәмілеге тікелей қатысқан
жағдайда ғана бизнес субъектісі бола алады (кәсіпкерлерге үкімет
тапсырыстарын беру, бағаны белгілеу,
әлеуметтік жұмыстарды
орындаудағы жеңілдіктердің құрамы мен объектілері және т.б.).
Кәсіпкерлік – бизнес жүйесінің элементі. Оның негізін
жеке меншіктегі өндіріс құралдары құрайды. Ал, жеке меншік
өндіріс құралдарынан мемлекеттік емес меншіктің осы заманғы
формалары пайда болды. Олар – топтық меншік, ұжымдық меншік,
кооперативтік меншік, акционерлік меншік, пай.
Кәсіпкерлік бизнестің үш негізгі компонентері бөліп көрсетіледі:
- өнім өндірісі;
- коммерция (сауда);
- коммерциялық делдалдық.
Бизнесті тек сауда және делдалдық
қана деп жансақ ұғуға
болмайды.
Иә, бизнес тек сауда мен делдалдық қана емес, ол сондай-ақ кез
келген мемлекеттің экономикалық өмірінің негізін (ең алдымен)
құрайтын өндіріс болып табылады. Нақты осы өндіріс арқылы ең
маңызды іс бастамалары жүзеге асырылады.
Барлық қызметті бизнеспен шатастыруға болмайды. Бұл
жөнінде Г. Форд былай дейді: «… өнімді дайын күйінде алып-сату
(алыпсатарлық) нағыз іспен ешқандай байланысы жоқ – ол заң
жолымен жоюға келмейтін ұрлықтың әдепті түрін ғана танытады».
Іскерлік қатынастағы субъектілердің екінші категориясына
тұтынушылар жатады. Олар кері байланысты тудырады әрі өндіріске
ықпал етеді. Кәсіпкерге табыс қажет болса, ал тұтынушыларға
өз қажеттіліктерінің толық қанағаттандырылғаны керек. Өзінің
тұтынушылық мүддесін жүзеге асыру
бұл өзіндік ерекшелігі бар
тұтыну бизнесі.
Бизнестің осы нысандарының ерекшеліктері: біріншіден, оны
кәсіпкерлік бизнеске қарсы барлық азаматтар жүзеге асырады
(іскерлік қатынастар жүйесіне адамдардың жаппай қатысуы);
екіншіден, тұтыну бизнесі өндірістің түпкі нәтижесіне адамдардың
мүдделілік танытуын бейнелейді; үшіншіден, тұтыну бизнесі бір
195
мезгілде кәсіпкерлерді тұтынушылардың сұранысымен санасуға
мәжбүрлеп
қана қоймай, сонымен бірге тұтынушыларды іскерлік
байланыс бойынша шынайы серіктес ретінде танып, қабылдауға
итермелейтін кәсіпкерлік бизнеске қатысты ынталандырушы әрі
теңестіруші күш болып табылады. Кәсіпкерлер де теңестіруші
күш. Кәсіпкерлер де басқа фирманың өнімдерін тұтынушы ретінде
тұтынушы бизнесінің қатысушылары.
Тұтыну бизнесінің негізін жеке меншіктегі тұтыну мен қызмет
пәндері құрайды.
Іскерлік қатынастарға қатысушылардың үшінші категориясына
жалдамалы жұмысшылар, яғни жалданып жұмыс істейтін азаматтар
жатады.
Бұл категориядағы азаматтар
кәсіпкерлермен жасасқан
мәміледен табыс табу арқылы өздерінің еңбек мүдделерін жүзеге
асырып, өзіндік ерекшелігі бар еңбек бизнесін қалыптастырады.
Еңбек бизнесінің негізін жеке меншіктегі тұтыну пәніне және
өндіріс құралына толық сәйкесетін жеке меншіктегі жұмысшы күші
құрайды.
Іскерлік қатынастарға қатысушылардың төртінші категориясына
мемлекеттік органдар жатады. Олар нарыққа іскерлік
ұсыныстарымен тікелей шыққан жағдайда ғана осы категорияға
жататынын естен шығармайық. Осы тұрғыдан алғанда бұл органдар
іскерлік қатынастағы басқа қатысушылармен тең құқылы болады.
Мемлекеттік бизнестің негізін мемлекет меншігіндегі өндіріс
құралдары, ақпарат, ой еңбегінің өнімдері,
құнды қағаздар, ақша
ресурстары құрайды.
Басқару саласы. Бизнестің барлық жүйелері мен оның элементтері
белгілі бір ықпал мен іс-қимыл жасайды. Басқаша айтқанда, олар
басқару саласында әрекет етеді. Дамыған елдердегі нарықтық
экономика, оның (нарықтық экономиканың) аясында бәсекелесуші
экономикалық субъектілердің қоғамдық нәтижелерін қалыптастыру
нәтижесінде, біртұтас жүйеге айналды. Бәсекелестіктегі еркіндік
экономикалық қатынастардағы басқа субъектілердің объективті
мүдделерінің есебіне негізделетін экономика саласында қоғамдық
пайдалы істерді жүзеге асырудың қажеттілігін әрбір субъектінің
мойындауы ретінде болады.
Басқарушылық ықпалды жүзеге асыру барысында осы заманғы
нарықтық экономиканың ерекшеліктерін ескеру қажет:
196
- тұрақты түрде ұзақ уақыт бойы салааралық және аймақаралық
байланыстар арқылы қалыптасатын бірыңғай нарықтық кеңістікті
қалыптастыру;
- бір жағынан – «тұтынуды арттыруды»,
екінші жағынан
ұсынысты кеңейтуді бір-біріне себепкер ету;
- бәсекелесуші әлеуметтік топтардың (ең алдымен кәсіпкерлер
мен жалдамалы жұмысшылардың арасындағы) әлеуметтік қарама-
қайшылығын бәсеңдетуге (амортизация) мүмкіндік тудыратын
экономикалық реттеудің әлеуметтік бағдарлануы;
-
экономиканы
монополизациялауға,
теріс
пиғылды
бәсекелестікке қарсы бағытталған тауар нарығындағы бәсекелестік
қатынастарды заң тұрғысынан да, экономикалық тұрғыдан да
орталықтандырып, реттеу;
- акционерлік және басқа да
ұжымдық меншік формаларын
дамыту арқылы тауар нарығындағы бәсекелестік қатынасқа кез
келген азаматты қатыстырудың мүмкіндіктерін кеңейту.
Достарыңызбен бөлісу: