17
тұрақтысына
long
типі беріледі жəне ол компьютер жадынан 4 байт орын
алады.
L
жəне
U
жалғауларын қатар қолдануға да болады, мысалы,
0x22UL
немесе
05Lu.
ЕСКЕРТУ
Программаларда
short int, long int, signed int
жəне
unsigned int
типтерін сəйкесінше
short, long, signed
жəне
unsigned
түрінде қысқартып
жазуға болады.
Символдық тип (char)
Символдық типтегі шамаға компьютердегі символдар жиынының ішінен
кез келген таңбаны орналастыруға жеткілікті орын бөлінеді, типтің атауы
осыған байланысты түрде берілген. Əдетте, бұл 1 байтқа сəйкес келеді. Басқа
да бүтін типтер сияқты,
char
типі де таңбалы немесе таңбасыз болуы мүмкін.
Таңбасы бар шамаларда -128 бен +127 аралығындағы мəндерді сақтауға бо-
лады. Ал,
unsigned
спецификаторын қолданғанда, мəндердің өзгеруі 0
мен 255 сандары аралығында болады. Бұл 256-символдық ASCII кодтары
құрамының кез келген символын сақтауға жеткілікті.
char
типіндегі шамалар
осы көрсетілген диапазоннан шықпайтын басқа бүтін сандарды сақтау үшін
де қолданыла береді.
Достарыңызбен бөлісу: