4
Кітапта Windows жүйесіне жəне басқа да орталарға қатысты программалау
ісі қарастырылмайды, сондықтан барлық мысалдар «консольдік қосымшалар»
ретінде көрсетіледі. Мысалдардың синтаксисі С++ стандартына сəйкес келеді,
сондықтан олардың кейбіреулері осы аталған стандарттың бекітілуіне дейін
шыққан программалық қоршауларда орындалмауы мүмкін.
Кітап негізгі үш бөлімнен тұрады, олар: «Құрылымдық программалау»,
«Объектіге бағытталған программалау» жəне «Стандартты кітапхана».
Бірінші бөлімде С++ тілінің негізгі конструкциялары жəне қазіргі кездегі сапа
мен сенімділік талаптарына жауап беретін программа құрудың базалық техноло-
гиясы қарастырылады.
Екінші бөлім көлемді программаларды дұрыс құруға мүмкіндік беретін тіл
құралдарын – кластарды, мұралауды, шаблондарды жəне айрықша жағдайларды
(ерекше жағдайларды) – сипаттауға арналған. Бұл бөлім материалдары стандарт-
ты кітапхананы игеру үшін де қажет болады.
Үшінші бөлімде С++ тілінің стандартты кітапханасы құралдарына сипаттама
берілген. Ағымдар, контейнерлер, итераторлар, векторлар, стандартты алгоритм-
дер жəне олардың арасындағы байланыстар қарастырылады.
Кітаптағы тілдің синтаксистік элементтерінің анықтамалары қарайтылған
қаріппен ерекшеленіп берілген.
Қосымшаларда кез келген программаны жазу барысында қажет болатын
анықтамалық ақпараттың жинақталған көлемі берілген.
Кітапта сипаттама берілген барлық түйінді сөздерді, типтерді, тұрақтыларды,
функцияларды, макростар мен кластарды пəндік нұсқауыш арқылы табуға бо-
лады, осы мүмкіндік кітапты анықтамалық ретінде де қолдануға жол ашады.
Қолдануды жеңілдету үшін нұсқауыш жолында элемент атынан кейін үтір арқылы
осы элемент кіретін класс аты немесе түсіндірме берілген.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, автор өзінің алғашқы программалау
тілінен берген ұстаздары – П. А. Шипилов пен Г. Л. Голованевскийге, «Питер»
баспасының қызметкері А. В. Васильевке, əріптестері – А. В. Лаздин, Ю. А. Щу-
пак жəне И. Яковлевке, əдебиеттер тізімінде есімі аталған барлық корифейлерге,
сонымен қатар ата-анасына жəне суреттерді салған ұлы Евгенийге үлкен алғысын
білдіреді.
Кітаптың негізіне автордың Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар,
механика жəне оптика университетінде (СПбГУ-ИТМО) оқитын дəрістер курсы
алынған.
Кітапқа қатысты айтар сыни пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды
mux@tp2055.
spb.edu немесе
2:5030/1016.20@fi donet.org адрестеріне хабарлауыңызға болады.
Достарыңызбен бөлісу: