Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет5/466
Дата20.07.2022
өлшемі3,66 Mb.
#37798
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   466
Байланысты:
pavlovskaia-jogargy-dengeili

тіл ережелерін сипаттау үшін көбінесе бір 
формальді метатіл қолданылады, мысалы, Бэкус-Наур формулалары немесе 
синтаксистік диаграммалар. Бұл кітапта баяндау тілінің қарапайымдылығы 
мен көрнекілігін сақтау үшін кең таралған сипаттаудың формальді емес түрі 
қолданылған, мұнда синтаксистік конструкциялардың міндетті түрде қажет 
етілмейтін бөліктері тік жақшаға алынады да, белгілі бір нақты мəнмен ауыс-
тырылуы тиіс мəтін қазақ тілінде жазылған, ал бірнеше элементтің бірін 
таңдап алу шарты вертикаль сызықпен белгіленген. Мысалы, 
[ void | int ] атауы();
түріндегі жазба C++ тілінің ережелеріне сəйкес
 атауы 
конструкциясының 
орнына нақты бір басқа ат қойылуы тиіс екенін, ал оның алдында 
void 
не-


9
месе
 
int
сөздерінің бірі болуы немесе ешбір түйінді сөз болмауы мүмкін 
екендігін білдіреді. Жүйелі жақшалар бірнеше элементтің ішінен біреуі ғана 
таңдап алынуы тиіс элементтерді топтастырады. Ал тік жақшалардың өздері 
синтаксистік элемент ретінде қарастырылатын жағдайда ол ерекше түрде 
айтылады.
1.2-сурет.
Орындалатын программаны құру сатылары
С++ тілін үйренуді ең қарапайым түсініктен, яғни алфавитінен бастай-
мыз, одан кейін күрделірек элементтерді меңгеріп, объектіге бағытталған 
программалау ерекшеліктерін оқып, білімімізді тереңдетуге тырыса-
мыз. Осы кітапты оқып шыққан соң оқырман «айқын қатынасу хаттама-
сы бар инкапсуляцияланған абстракциялар» туралы пікір айтуға, «объект 
көшірмесінің конструкторы жалпыға қолжетерлік болмай қалған кездегі ерек-
ше жағдайды генерациялаудың» мүмкін болмау себебі жəне де басқа қызықты 
мəселелер жөнінде өз ойын қорыта алады. 


10


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   466




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет