Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-кесте. C++ тілінің негізгі операциялары Операция



Pdf көрінісі
бет24/466
Дата20.07.2022
өлшемі3,66 Mb.
#37798
түріПрограмма
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   466
Байланысты:
pavlovskaia-jogargy-dengeili

1.5-кесте.
C++ тілінің негізгі операциялары
Операция
Қысқаша сипаттамасы
Унарлы операциялар
++
1-ге арттыру
--
1-ге кеміту
1
sizeof
өлшем (мөлшер, көлем, ен немесе ұзындық)
~
разрядтары бойынша терiстеу
!
логикалық терiстеу
-
арифметикалық терiстеу (унарлық минус) 
+
унарлық плюс
&
адресті алу
*
адрессіздендіру (адресті жоғалту)
new
жадыны бөлу
delete
жадыны босату
(type) 
типті түрлендіру
Бинарлы жəне тернарлы операциялар
*
көбейту
/
бөлу
%
бөлгендегі қалдықты табу
+
қосу
-
азайту
<<
солға ығыстыру
>>
оңға ығыстыру
<
кіші
<=
кіші немесе тең (үлкен емес)
>
үлкен
>=
үлкен немесе тең (кіші емес)
==
тең
!=
тең емес
&
разрядтары бойынша конъюнкция (ЖƏНЕ)
^
разрядтары бойынша аластайтын НЕМЕСЕ
|
разрядтары бойынша дизъюнкция (НЕМЕСЕ)
&&
логикалық ЖƏНЕ
||
логикалық НЕМЕСЕ
?:
шартты операция (тернарлық)
=
меншіктеу
1
Операция ішіндегі символдар арасында бос орындар болмауы тиіс.


27
Операция
Қысқаша сипаттамасы
*=
көбейтіп барып меншіктеу 
 /=
бөліп барып меншіктеу 
 %=
бөлгендегі қалдықты тауып барып меншіктеу
 +=
қосып барып меншіктеу
 -=
азайтып барып меншіктеу
 <<=
солға ығыстырып алып меншіктеу
 >>=
оңға ығыстырып алып меншіктеу
 &=
меншіктеуі бар разрядтары бойынша ЖƏНЕ
 |=
меншіктеуі бар разрядтары бойынша НЕМЕСЕ
 ^=
меншіктеуі бар разрядтар бойынша аластайтын НЕМЕСЕ
 .
тізбектей отырып есептеу
1-ге арттыру жəне кеміту операциялары (
++
 жəне 
--
). Инкремент 
жəне декремент деп те аталатын бұл операциялардың екі түрлі жазылу фор-
масы бар – префикстік нұсқада операция операнд алдында жазылады жəне 
постфикстік нұсқада – операциядан кейін көрсетіледі. Префикстік формада 
алдымен операнд өзгереді, содан кейін оның мəні өрнекті есептеуге қатысады, 
ал постфикстік формада өрнекті есептеуге операндтың бастапқы мəні алына-
ды да, содан соң операнд өзгертіліп, өрнектің нəтижелік мəні есептеледі.
#include
int main(){
int x = 3, у = 3;
printf ("Префикстiк өрнектiң мəнi: %d\n", ++x);
printf ("Постфикстік өрнектiң мəнi: %d\n", y++);
printf ("Қосудан кейiнгі x мəнi: %d\n", x);
printf ("Қосудан кейiнгі у мəнi: %d\n", у);
return 0;
}
Программаның орындалу нəтижесі:
Префикстiк өрнектiң мəнi: 4
Постфикстік өрнектiң мəнi: 3
Қосудан кейiнгі х мəнi: 4
Қосудан кейiнгі у мəнi: 4
Жалпы инкремент операциясының операнды L-мəн (L-value) деп ата-
лады. Мəн енгізуге болатын белгілі бір жады бөлігін адрестейтін кез кел-
ген өрнек осылай белгіленеді. Бұл атау меншіктеу операциясынан шыққан, 
себебі операцияның нəтижесі жадының қай аймағына енгізілетінін оның 
сол жақ бөлігі (Left) анықтайды. Айнымалы L-мəннің дербес бір түрі 
болып табылады. 


28
Объектінің немесе типтің пайдаланатын жады көлемін анықтайтын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   466




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет