Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Құрылымдық программалаудың базалық



Pdf көрінісі
бет31/466
Дата20.07.2022
өлшемі3,66 Mb.
#37798
түріПрограмма
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   466
Байланысты:
pavlovskaia-jogargy-dengeili

Құрылымдық программалаудың базалық 
конструкциялары
Программалау теориясында кез келген күрделі есептерді шешуге арналған 
программаны тізбектелу, тармақталу жəне цикл деп аталатын үш құрылым 
көмегімен құруға болатыны көрсетілген. Бұл қағиданы Бойм жəне Якопини 
1966 жылы анықтаған, олар кез келген программаны тек осы құрылымдар 
мен солардың комбинацияларынан тұратын эквивалентті программаға 
түрлендіруге болатынын дəлелдеген. 
Тізбектелу, тармақталу жəне цикл құрылымдық программалаудың 
базалық конструкциялары деп аталады. Тізбектелу, яғни сызықтық құрылым 
екі немесе одан да көп операторлардың (қарапайым немесе құрама) тізбектеле 
орында луын бейнелейтін конструкция болып табылады. Тармақталу 
құрылымы кез келген бір шарттың орындалуына байланысты бірнеше 
операторлардың ішіндегі біреуінің орындалуын білдіреді. Цикл оператордың 
бірнеше рет қайталанып орындалуын көрсетеді (1.3-сурет). Бұл базалық 
конструкциялардың ерекшелігі – олардың кез келгенінің бір кіріс жəне бір 
3-1140


34
шығыс нүктесінің болуында, сондықтан конструкциялар бір-бірімен кез кел-
ген тəртіпте байланысуы мүмкін, мысалы цикл ішінде екі тармақталудан 
құралатын сызықтық құрылым болып, ал тармақталудың əрқайсысы басқа бір 
циклдерден тұратын болуы мүмкін (1.4-сурет).
1.3-сурет.
Құрылымдық программалаудың базалық конструкциялары 
Базалық конструкцияларды қолданудың мақсаты – қарапайым 
құрылымдағы программа алу. Мұндай программаны оқу (программаларды 
жазуға қарағанда жиірек оқуға тура келеді), түзету жəне қажет болғанда, оған 
өзгерістер енгізу жеңіл орындалады. Құрылымдық программалауды көбінесе 
«goto бұйрығынсыз программалау» деп атайды, бұл шындыққа жанасады: 
программаның кез келген бір нүктелерінде – басқаруды басқа жаққа беру опе-
раторын жиі қолдану – оның жұмыс істеу логикасын бақылауды қиындатады. 
Басқа жағынан алғанда, ешбір қағиданы абсолютті түрде нəтижелі деп санауға 
болмайды, 
goto
операторын қолдану тиімді болып, программа құрылымын 
қарапайым ететін жағдайлар да туындап жатады. Олар туралы «goto операто-
ры» бөлімінде айтылады (46 б.).
Жоғарғы деңгейдегі тілдердің көпшілігінде базалық конструкциялардың 
бірнеше нұсқалары қолданылады; C++ тілінде циклдің үш түрі, тармақталудың 
екі түрі (екі тармаққа жəне одан артық тармақтарға) бар. Олар программа-
лау ыңғайлы болуы үшін енгізілген жəне əртүрлі жағдайларда олардың 
керектісін таңдай білу керек. Қарапайым программалардың өзін жазу кезінде 
де ең негізгі есте сақтау құралы – кез келген программа алдын ала анықталған 
құрылымдағы блоктардың бір-бірімен байланыстырылған айқын тізбегінен 
тұруы тиіс. «Айқын ойлайтын адам ойын да анық жеткізеді» деген ұғым 
арқылы құрылған «саналық түйсік» стилінде жазылған программалардың 
практикада онша өміршең бола алмайтыны жəне көркемдік жағынан да 
ұтылатыны дəлелденген. 


35
1.4-сурет.
Базалық конструкциялардың қабаттаса орналасуы
Енді құрылымдық программалаудың базалық конструкцияларын жүзеге 
асыратын тіл операторларын қарастырайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   466




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет