Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет37/466
Дата20.07.2022
өлшемі3,66 Mb.
#37798
түріПрограмма
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   466
Цикл операторлары
Цикл операторлары бірнеше рет қайталанып орындалатын есептеулерді 
ұйымдастыру үшiн қолданылады. Кез келген цикл оның тұлғасынан, яғни 
бірнеше рет қайталанатын оператор тізбегінен, бастапқы берілген мəндерді 
тағайындаудан, цикл параметрiнің өзгеруінен жəне цикл қайталануын 
жалғастыру шартын тексеруден тұрады (1.8-сурет). 
Циклдің бiр рет орындалуы итерация (қадам) деп аталады. Шарттың 
тексерілуi əрбiр итерация сайын кейде цикл тұлғасына дейін (алғы шартты 
цикл), кейде цикл тұлғасынан кейiн (соңғы шартты цикл) атқарылады. Олардың 
арасындағы айырмашылық: соңғы шартты цикл кем дегенде бір рет орында-
лады да, содан кейiн барып оны қайталап орындау қажеттілігі тексеріледi. 
Ал алғы шартты циклде оны қайталау шартын тексеру цикл тұлғасына дейiн 
жүргізілетіндіктен, оның бір рет те орындалмауы мүмкiн.


41
1.8-сурет.
Цикл операторларының құрылымдық сызбасы: а – шарты алдын ала 
тексерілетін цикл; ə – шарты соңынан тексерілетін цикл
Цикл тұлғасында өзгертілетiн жəне оны қайталау шартын тексеруде 
қолданылатын айнымалылар цикл параметрлерi деп аталады. Əрбiр итерация 
сайын тұрақты қадаммен өзгертілетiн бүтiн сан типіндегі цикл параметрлері 
цикл санауыштары болып табылады.
Бастапқы берілгендер программаға айқын түрде қатыспауы да мүмкiн, 
олардың атқаратын қызметі – циклге кіруден бұрын онда қолданылатын 
айнымалыларға мəн беру болып саналады.
Егер циклдi жалғастыру шарты орындалмаса, ол бірден аяқталады. Орын-
далып жатқан ағымдағы итерацияны да, циклдің өзін толығымен де мəжбүрлі 
түрде аяқтауға болады. Ол үшiн 
break,
 continue, return
жəне 
goto
опе-
раторлары қолданылады («Басқаруды беру операторлары» бөлiмiн қара, 
46 б.). Цикл сыртынан оның ішіне кіру мүмкіндігін пайдалану ұсынылмайды. 
C++ тілінде программа құру ыңғайлы болуы үшін, онда үш түрлі цикл опе-
раторлары – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   466




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет