Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет54/466
Дата20.07.2022
өлшемі3,66 Mb.
#37798
түріПрограмма
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   466
*р = 10; р++;
(*р)++
өрнегі, керiсiнше, нұсқауыш сiлтеме жасап тұрған мəнді 
инкременттейді.
Адресті алудың унарлық операциясы – &  аты бар жəне жедел жадыда
орналастырылған шамаларға қолданылады. Осылайша, скалярлық өрнектiң, ат 
берілмеген тұрақтының немесе регистрлік айнымалының адресін алу мүмкін 
емес. Операция мысалдары жоғарыда келтiрілді.
Сілтемелер
Сiлтеме сiлтеменi инициалдау кезінде көрcетiлген атаудың синонимі бо-
лып табылады. Сiлтеменi əрқашанда атаусызданатын (аты жойылып кететін) 
нұсқауыш ретiнде қарастыруға болады. Сiлтеменi жариялаудың форматы:
типі & аты;
мұндағы тип – сілтеме нұсқап тұратын шаманың типі, & – сілтеме операто-
ры, ол өзінен кейін жазылатын атау сілтемелік типті айнымалының аты екенін 
көрсетеді, мысалы:
int kol;
int& pal = kol; 
/* pal сілтемесі – kol үшін 
альтернативті атау */
const char& CR = '\n'; // тұрақтыға сілтеме
Төмендегі ережелерді есте сақтаңыз.
□ Айнымалы-сілтеме сипатталу кезінде айқын түрде инициалдануы 
тиіс, бұл ереже келесі жағдайларда: сілтеме функцияның параметрі 
болғанда (80 б.), ол 
extern
ретінде сипатталған кезде немесе кластың 
мəліметтер өрісіне (193 б.) сілтеме жасаған кездерде орындалмайды.
□ Иницалданғаннан кейін сілтемеге басқа айнымалыны меншіктеуге 
болмайды.
□ Сілтеменің типі сол сілтеме жасалған шама типімен сəйкес келуі керек.
□ Сілтемелерге нұсқауыштарды анықтауға, сілтемелер жиымдарын құ-
руға жəне сілтемелерге сілтеме жасауға тыйым салынған.
Сілтемелер көбінесе функциялар параметрлері ретінде жəне функцияның 
қайтаратын мəндерінің типтері түрінде қолданылады. Сілтемелер 
функциялардың құрамында белгілі бір адреске берілетін айнымалыларды 
адрессіздендіру операциясының қатысуынсыз қолдануға мүмкіндік береді, 


57
бұл программаны оқуды жеңілдетеді (толығырақ «Функцияның параметрлері» 
бөлімінде берілген, 79 б.).
Сілтеменің нұсқауыштан айырмашылығы – ол компьютер жадында 
қосымша орын алмайды жəне ол сол шаманың басқа атауы болып табылады. 
Сілтемеге операциялар қолдану сілтеме жасалған шаманың өзгеруіне алып 
келеді.
Жиымдар
Қарапайым айнымалыларды пайдаланған кезде мəліметтерді сақтауға 
арналған əрбір жады аймағына өзіндік жеке атау беріледі. Егер бір типтегі 
шамалар жиынымен бірдей əрекеттер орындау керек болса, оларға бір ғана 
атау беріледі де, олар бір-бірінен реттік нөмірлері бойынша ажыратылады. 
Осылайша көптеген операцияларды циклдер көмегімен жинақы түрде жазуға 
мүмкіндік туады. Біртиптегі шамалардың ат беріліп, шектелген тізбегі жиым 
деп аталады. Программадағы жиымды сипаттаудың қарапайым айнымалы-
ны сипаттаудан айырмашылығы: жиым атауынан кейін тік жақшаның ішінде 
жиымтегі элементтер саны (өлшемі) көрсетіледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   466




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет