И. А. Зимняя педагогикалық психология


Бағдарламаланған оқытудың



Pdf көрінісі
бет34/210
Дата06.08.2022
өлшемі2,21 Mb.
#38066
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   210
Байланысты:
d0b7d0b8d0bcd0bdd0b0d18fd18f

Бағдарламаланған оқытудың пайда болуы Б.Ф. Скиннердің 
есімімен байланысты. Ол 1954 жылы педагогикалық қауымды 
оқытудың (сабақ берудің) тиімділігін осы процесті басқару есебінен 
кӛтеруге шақырды. Басқару категориясы бағдарламалау ҥшін ең 
маңыздысы ретінде қарастырылады: «Нағыз проблема білім берудің 
барлық сатыларында бастауыш мектепті және мектепке дейінгі 
мекемелердің де ӛзін қамтылуымен оқыту жақсы басқарумен болуында
[208, 7б.]. 
В.А. Крутецкий бойынша оқытудың проблемалығы деңгейлерінің схемасы
Деңгей 
Мұғалімде 
қалатын 
буындар 
саны 
Оқушыға 
берілетін 
буындар 
саны 
Мұғалімнің әрекеті 
Оқушының 
әрекеті 

(дәстүрлі) 


Проблема қояды, 
оны тұжырымдай-
ды, проблеманы 
шешеді 
Проблеманың 
шешілу 
жолын 
есінде сақтайды 
І 


Проблема қояды, 
оны 
тұжырымдайды
Проблеманы ше-
шеді
ІІ 


Проблема қояды
Проблеманы тұ-
жырымдайды, 
проблеманы ше-
шеді 
ІІІ 


Жалпы ұйымдас-
тырады, бақылау 
және білікті жетек-
ішілік етеді 
Проблеманы 
түсінеді, 
тұжырымдайды, 
оны шешеді 
 
Бағдарламаланған 
оқытудың 
негізінде 
бірізділіктің, 
ҧғынымдылығы, жҥйелілігі, дербестігінің ортақ (В.П. Беспалько) және 
жеке дидактикалық принциптері жатыр. Бҧл принциптер бағдарлама-
ланған оқытудың басты элементі - оқыту бағдарламасын орындау 
барысында жҥзеге асырылады, мҧндай бағдарлама міндеттердің ретке 
келтірілген бірізділігі болып табылады. Бағдарламаланған оқыту ҥшін 
«дидактикалық машинаның» (немесе бағдарламаланған оқулықтың) 
болуы ӛте маңызды. Бҧл оқытуда белгілі бір мӛлшерде оқушылардың 
бағдарламаны игеру сипатын ескеру ретінде жеке ыңғайдан келу жҥзеге 
асырылады.
Бағдарламаланудың ҥш негізгі формасы ажыратылады: сызбалы, 
тармақталған және аралас. Бағдарламалаудың сызбалы - хронологиялық 


66 
бірінші формасының негізінде Б.Ф. Скиннер бойынша, ҥйрету - стимул 
мен реакцияның арасындағы байланысты орнату ретіндегі бихевио-
ристік тҥсіну жатыр. Оқушының бҧл формада жасаған қадамы 
орнықтырылып отырады, ол бағдарламаны ары қарай орындауға сигнал 
рӛлін атқарады. В. Оконь [152, 241б.] бойынша Скиннердің тҥсінігінде 
сызықты бағдарлама келесілермен сипатталады: 
- дидактикалық материал қадамдар (step) деп аталатын азғантай 
мӛлшерлеп бӛлінеді, оны оқушылар қадам сайын қадамдап (step by 
step) оп-оңай меңгереді
- бағдарламаның жеке шеңберінде орын алатын сҧрақтар мен 
ақтаңдақтар (frame) ӛте қиын болмауы тиіс, себебі оқушылардың
жҧмысқа қызығушылығы жоғалады;  
- оқушылар сҧраққа жауапты ӛздері береді және ақтаңдақтарды 
толтырады, ол ҥшін олар қажетті ақпаратты қолданады;  
- оқыту барысында оқушылар олардың жауаптырының дҧрыс 
немесе қате екені жӛнінде хабардар етіледі;  
- барлық оқушылар кезекпен бағдарламаның барлық шеңберінен 
ӛтеді, алайда оның әрбіреуі оны ӛзіне ыңғайлы жылдамдықпен 
меңгереді;  
- жауап алуда жеңілдіктер беретін бағдарламаның бас жағында 
кӛп берілетін нҧсқаулар біртіндеп шектелінеді;  
- ақпаратты механикалық есте сақтау болмас ҥшін бір ой 
бағдарламаның бірнеше шеңберінде әртҥрлі варианттарда қайталанады 
[152, 241 б.].  
Тармақталған бағдарламалау (Н. Кроудер) сызықтық бағдарлама-
лаудан қадам таңдаудағы кӛптілігімен (кӛп рет қайталануымен) 
айрықшылынады. Ол іс-әрекеттің қатесіздігіне ғана емес, мҧғалімнің 
(оқушылардың да) қате туғызатын себепті анықтауына бағытталған. 
Осыған сәйкес, тармақталған бағдарламалау оқушылардан ой-еңбегін 
талап етеді, шын мәнінде ол «ойлау процесін басқару» болып табылады 
(В. Оконь). Бағдарламалаудың осы формасындағы жауаптың 
дҧрыстығын тек қана (әсер заңы бойынша) болымды дҧрыс бағалау ғана 
емес кері байланыс та дәлелдейді. Тармақталған бағдарлама оған 
қойылатын 
сҧрақтары 
бар 
ҥлкен 
мәтіннен 
тҧруы 
мҥмкін. 
«Шеңберлерде» ҧсынылатын толық жауаптар бҧл жерде не дҧрыс деп 
қабылданады, не қабылданбайды, екі жағдайда да оған толық дәлел 
келтіріледі. Егер жауап дҧрыс болмаса, оқушыға бастапқы мәтінге қайта 
оралып, ойланғаннан соң басқа шешім табу ҧсынылады. Егер жауап 
дҧрыс болса, онда ары қарай жауап мәтіні бойынша келесі сҧрақтар 


67 
ҧсынылады және т.б. В. Оконь атап ӛткендей, [152, 244 б.] Кроудердің 
тҥсінігі бойынша сҧрақтардың мақсаты:
а) оқушының берілген шеңбердегі материалды білетінін тексеру;
б) кері жауап алған жағдайда оқушыны жауапты ҥйлестіруші және 
негіздемелуші шеңберлерге қайтару;
в) негізгі ақпаратты рационалды жаттығулардың кӛмегі арқылы 
бекіту;
г) оқушының кҥшін ҥстемелеу және сонымен бірге ақпаратты кӛп 
рет қайталау арқылы механикалық оқытуды жою;
д) оқушының талап ететін тҥрткісін
қалыптастыру.
Тармақталған бағдарлама сызықтыққа қарағанда толығырақ, ол 
адамды 
ҥйретудің 
ерекшеліктерін 
ескереді 
(мотивацияны, 
мағыналылық, жылжу жылдамдығының әсері). Аралас бағдарламалау 
және 
оның 
басқа 
формалары 
жалпы 
алғанда 
жоғарыда 
қарастырылғандармен жақын тҧр.
Бағдарламаланған оқыту 60-шы жылдардың аяғында 70-ші 
жылдардың басында Л.Н. Ланданың еңбектерінде жаңа дамуын бастады 
[102], ол бҧл процесті алгоритмдеуді ҧсынды.
1. Анықтауыштың анықтағыш сӛзін табыңыздар және ол қандай сӛз табымен 
берілгеніне назар аударыңыздар 
 
жіктеу есімдігімен 
 
жіктеуге жатпайтын есімдікпен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет