57
сақтау Гартли үшін жүйке ұйымдасуының ортақ іргелі қасиеті» [244,
133 б.]. Д. Гартли бойынша оқытуда есте сақтау ҥлкен рӛл атқарады.
Тҥсініктер мен идеялар байланысының пайда болу себебін ары
қарай Дж. Ст. Миллем қарастырған, ол
«біздің идеяларымыз
(түсініктеріміз) әсерлердің пайда болу және орын алу тәртібі
бойынша ӛмір сүреді, олар оның дәл кӛшірмесі. Басты заң – идеялар
байланысы, ал байланыстардың екі себебі бар сияқты: байланысатын
әсерлердің жандылығы және жиі қайталануы». Байланыстар пайда
болуының негізгі заңдылықтарының талдауы (ҧқсастық байланысы,
шектестік бойынша байланыс (уақыт немесе орыны бойынша сәйкес
келуі) себеп-салдар байланысы т.б.) және олардың пайда болуының
екінші
реттегі заңдылықтары, оған «алғашқы әсердің ҧзаққа созылуы,
оның жандылығы, жиілігі, уақыты бойынша аулақтатылуы» жатады,
осының барлығы зерттеушілерді бҧл заңдардың «жақсы есте сақтау
шарттарының тізбесі» деген қорытындыға әкелді (М.Г. Роговин).
Осыған сәйкес, есте сақтау байланыстар заңдарының әрекетімен
анықталды.
Сонымен қатар, байланыстық психология ойлау процесін де есте
сақтаудың ӛзіндік репродуктивті функциясы
ретінде қарастыратынын
еске салған жӛн.
Зерттеушілердің айтуы бойынша ойлау проблемасы,
«идеялар
кӛбейту жӛніндегі мәселе ойлаудың байланыстық теориясының негізгі
мәселесінің бірі болып табылады, себебі ой қозғалысы қандай
идеялардың және олардың есте сақтау қорынан қандай тәртіп
Достарыңызбен бөлісу: