92
субъект берілген жағдаятта сырттық шарттардың әсер етуінен және
ӛзінің жеке әрекетінің нәтижесіне байланысты ӛзгереді, ол ӛз мінез-
қҧлығын және ӛзінің психикалық процестерін жаңа ақпаратпен ӛз -
ӛзіне сенімсізділік дәрежесін тӛмендетіп, ӛзін-ӛзі ҧстаудың адекватты
ережесін немесе дҧрыс жауап табу мақсатында қҧрады (Й. Лингарт) [79,
22 б.].
Л.С. Выготскийдің, А.Н. Леонтьевтің, С.Л. Рубинштейннің
еңбектерінде оқу - білім, икемділік, дағдыны меңгеру ретінде
қарастырылады (ал дамыту – қабілеттілік, жаңа сапа меңгеру болып
табылады). П.Я. Гальперин оқуды субъекттің жасаған әрекеттерінің
негізінде білім меңгеру ретінде анықтайды. Д.Б. Эльконин мен В.В.
Давыдов бойынша, оқу дегеніміз оқу әрекетінің ерекші тҥрі, ал А.Н.
Леонтьевтің теориясы бойынша оқу (ойын және еңбекпен қатар) –
жетекші әрекет типі, ол уақыттың ҥлкен кезеңін алып қана қоймайды
(кӛп жағдайда 15-16 жасқа дейін), сол уақыттың ішінде оқушы
тҧлғасының ӛзі, оның интеллекті, әрекетінің жеке тҥрлері қалыптасады.
Оқу кӛп мотивтендірілген және кӛп әрекет ретінде қарастырылады [205,
140-152 б.].
Достарыңызбен бөлісу: