90
иррадиациясы), мидың талдамалық-синтетикалық қызметі тҧрғысынан
қарастырылады.
Психология тҧрғысынан оқу субъекттің белсенділігі, әрекеті,
психикалық дамудың факторы ретінде қарастырылады. Оқу айқын
кӛрінеді және адамның мінез-қҧлқының ары қарай жҥйелі ӛзгеріске
ҧшырауына әкеледі. Бҧл позицияда таңбалық-символикалық қҧрылым-
дардың ақпараттық
функцияларына, мағына қҧрудың,
танымдық және
мотивациялық қҧрылымдардағы ӛзгерістерге ерекше маңыз беріледі.
Әлеуметтану тҧрғысынан оқу жеке және қоғамдық сана
байланысының шарты ретінде әлеуметтендіру факторы тҧрғысынан
қарастырылады. Бҧл позициядан оқу процесі жҥзеге асырылатын білім
беру
жҥйелерін
әлеуметтік
басқарудың
әртҥрлі
формалары
қарастырылады.
Аксиология, этика позициясынан оқу қҧндылықтық қалыптасу
және
ӛзін-ӛзі
анықтау,
қоғамдық
нормаларды,
ережелерді,
қҧндылықтарды интернализациалау процесі ретінде қарастырылады.
Кибернетика позициясынан оқу тура және кері байланыстар
каналдары бойынша оқыту жҥйесінде басқарумен,
стратегия,
бағдарлама және алгоритмдерді әзірлемелеу және ӛзгерулерімен
сипатталатын ақпараттық процесс ретінде қарастырыла алынады.
Философия позициясынан (гносеологиялық тҧрғыдан) оқу
танымның ерекше (спецификалық) формасы ретінде қарастырылады.
Оқуда объективтік пен субъективтің, форма мен мазмҧнның және т.б.
арасындағы қарама-қайшылықтар пайда болып, шешіледі.
Қисынды
кӛзқарас
тҧрғысынан
оқу
қисынды
ойлауды
қалыптастыру, жалпыланған алгоритмдерді әзірлеудің негізі ретінде
қарастырылады. Оқу материалын қисынды ретке келтіру, процесті
ҧйымдастыруды
оңтайландыру
–
оқуды
қисынды
тҧрғыдан
қарастырудың мәні.
Педагогикалық позициядан оқу
келесі контексте қарастырылады,
«мұнда тәрбиелеу мен оқыту қоғамдық тәжірибені неғұрлым тиімді
бере алуды қамтамасыз етуге міндетті қоғамдық қажеттілік
кӛзқарасынан қажетті, мақсатты бағытталған, жүйелер болып
табылады» [115, 28 б.]. Сонымен қатар, дезадаптивті мінез-қҧлықты
ескеру маңыздылығы мен психотерапияны
пайдаланудың маңызы
ескеріледі. Педагогикалық психология оқуды ең алдымен психология
мен педагогика позициясынан қарастырады, алайда ол әлеуметтану-
шлық,
кибернетикалық,
философиялық
және
қисындылық
позицияларды да ескереді.