Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет37/121
Дата31.08.2022
өлшемі2,81 Mb.
#38343
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   121
Байланысты:
duisembiev-parallel-esep

Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Неге конвейерлік ФҚ-ның бӛлек сатыларының іске қосылу уақыт 
аралықтары бірдей болатындай етіп жасалынады? 
2. Есептеу жүйесінің графы барлық доғалары бір бағытқа бағытталған, 
мысалы, сағат стрелкасымен ориентирленген сақина болсын. Жүйе жұмыс 
істей алатындай әртүрлі «уақыт» режимдері бар екенін кӛрсетіңіз. 
3. 2-ші пункт шартына сәйкес кірістік деректер берілгендер жағдайында 
әртүрлі уақыт режимдері бірдей нәтижеге жеткізетінін дәлелде.
4. 2-ші пункт шартына сәйкес есептеу жүйесінде іске асырылатын алгоритм 
бір-біріне тәуелсіз есептеу бұтақтарына бӛлінетінін дәлелдеңіз. 
5. 2-ші пункттегі алгоритм қанша бұтаққа бӛлінеді? 
6. Жеке бұтақтар арасында ортақ не бар? 
7. Енді есептеу жүйесінің графы, тӛбесі ортақ бағытталған әртүрлі ӛлшемдегі 
екі сақинадан тұрсын. Жүйе жұмыс істей алатындай әртүрлі «уақыт» 
режимдері бар (жоқ) екенін кӛрсетіңіз. 
8. 7-ші пункт шартына сәйкес кірістік деректер берілгендер жағдайында 
әртүрлі уақыт режимдері бірдей (әртүрлі) нәтижеге жеткізетінін кӛрсетіңіз. 
9. 7-ші пункт шартына сәйкес есептеу жүйесінде іске асырылатын алгоритм 
бір-біріне тәуелсіз есептеу бұтақтарына бӛлінетінін (бӛлінбейтінін) 
кӛрсетіңіз. 


64 
10. 7-ші пункттегі алгоритм қанша бұтаққа бӛлінеді? 
11. Егер есептеу жүйесінің графы бір жолдан тұрса, онда 2-6 подпункттердегі 
жауаптарда не ӛзгереді? 


65 
3-ШІ ТАРАУ. ПАРАЛЛЕЛЬ ЕСЕПТЕУ ЖҤЙЕЛЕРІНІҢ 
АРХИТЕКТУРАСЫ 
§1.3.1 Параллель компьютерлер және жҥйелер классификациясы 
Кез-келген ЭЕМ-да есептеу нәтижесіне қол жеткізу үшін қолданылатын 
стандартты схема: 
1. мақсат құру; 
2. модельдеу; 
3. алгоритм дайындау; 
4. бағдарлама дайындау; 
5. тестілеу және түзетулер енгізу; 
6. нәтижені талдау,
7. 2-5 пункттерінің қайталанатын этаптарының қажеттілігінше 
математикалық моделін жасау; 
8. бағдарламаның қорытындысын әзірлеу екені белгілі. 
Параллель есептеу спецификасын ескерсек, бұл схемаға тағы 4 пункт 
енгізу қажет болады: 
1. Ақпараттық талдау – есептің алгоритмін, алгоритм графының 
кӛмегімен ондағы параллельділіктің қолданылуын анықтауға зерттеу; 
2. процесті параллель тарату (қанша процесті қанша процессорға 
бӛлуін анықтайды); 
3. параллель бағдарламаны құрастыру;
4. параллель бағдарламаның тиімділігін бағалау: 

тиімді бағдарламалау алгоритмін таңдау; 

ол алгоритмді қолданып, жүйелік бағдарлама жасау; 

жүйелі бағдарламалардың жұмыс уақытын ӛлшеу; 

таңдалған жүйелік алгоритмді қолданып, параллельді 
бағдарлама жасау; 

алынған бағдарламаның тиімділігін арттыру (әр түрлі 
кӛлемді деректерде); 

алынған нәтиже бойынша сәйкес алгоритмді және 
параллель бағдарламаның ең тиімдісін таңдау; 
Сонымен, әрбір дербес компьютерлер үшін маңызы зор, ал параллель 
компьютерлерде, кезкелген есепті шешу процесіне қатысты ерекше мәнге ие 
келесі этаптарды айта кетсе болады: 

есептің қойылуы; 

оның шешу әдісін таңдау; 

оның алгоритмін дайындау; 

бағдарламалау технологиясын таңдау; 

бағдарламаны құрастыру; 

қандай да бір компьютерде бағдарламаны орындау. 
Әрине, бұл этаптардың бәрі де қрапайым компьютерлер үшін де 
маңызды, бірақ параллель есептеу машиналарын пайдалануда олар ерекше 


66 
мәнге ие болады. Кезкелген параллель компьютер – фантастикалық 
нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін ӛте мұқият дайындалған 
есептеу жүйесі. Мұндай компьютерлер ӛте үлкен ӛнімділікпен жұмыс істеу 
үшін арнайы жобаланады. Бірақ, параллель компьютерлер кезкелген 
бағдарламада бірдей ӛнімділікпен жұмыс істей алмайды. Егер бағдарлама 
құрылымы компьютер архитектурасының ерекшеліктеріне сәйкес келмесе, 
онда оның ӛнімділігі міндетті түрде тӛмендейді. 
Бұл сәйкессіздік есепті шешудің кезкелген этапында пайда болуы 
мүмкін. Егер қандай да бір қадамда біз компьютердің ерекшелігін ескермеген 
болсақ, онда бағдарламадан үлкен ӛнімділікті күту бекер болмақ. Негізінде, 
векторлы-конвейерлік компьютерге немесе таратылған жадылы есептеу 
кластеріне бағытталуды кӛп жағдайда есепті шешу әдісі анықтайды. Бір 
жағдайда бағдарламада ішкі циклдарды векторлау қажет болса, ал келесі бір 
жағдайларда бағдарламаның жекелеген фрагменттерін параллельдеу жайын 
ойластыру керек. Бағдарламаның аталған қасиеттері ондағы есептеу 
әдістерінің қасиеттерімен анықталады. Егер таңдалған әдісте бұндай 
қасиеттер болмаса, онда олар бағдарламада да болмайды, яғни үлкен 
ӛнімділікке де қол жеткізу мүмкін емес деген сӛз. 
Қазіргі уақытта шектік ӛнімділігі рекордты кӛрсеткіштерімен 
компьютерлерді құрастыру оншалықты қиыншылықтар тудыра қоймайды. 
Алайда сол компьютерлерді тиімді пайдалану тәсілдерін ұсыну әлдеқайда 
күрделі екені белгілі, себебі мұнда жоғарыда аталған тізбектегі барлық 
алдыңғы этаптарын да ескеру керек болады. 
Заман ағымына сәйкес параллель есептеу жүйелері ӛте үлкен 
қарқынмен даму үстінде.
Есептеу кластерлерінің пайда болуы, кӛп жерлерде параллель 
есептеулерге қол жеткізді. Егер ертеректе параллель компьютерлер үлкен 
арнайы центрлерде тұрса, ал қазір кластерлер шағын зертханаларда да 
орналасуы мүмкін. Дәстүрлі суперкомпьютерлерге қарағанда кластерлік 
шешімдердің бағасы да анағұрлым тӛмен. Оларды құрастыру үшін әдетте 
кәдімгі процессорлар, стандартты желілік технологиялар және еркін 
таратылымдағы бағдарламалық қамтама пайдаланылады. Әрине, бұл бірінші 
тілек, ал екіншісі – осы салаға қатысты минимум құрылғылар мен білім 
болса, онда жеке дербес параллель жүйе құрастыруға аса принципиалды 
кедергілер болмайды. 
Интернет. Интернет – бір-бірімен байланыс каналдары және бірегей 
қабылдау, мәліметтерді беру стандарттары арқылы ӛзара байланысқан 
компьютерлер мен компьютерлік желілерінің жиынтығы. Ол деген жер 
шарын қамтып жатқан ауқымды бүкіләлемдік ақпарат жүйесі болып отыр. 
Енді осы бір желіге біріктірілген миллиондаған компьютерлерді бір ғана 
есепті шешу үшін пайдаланса қалай болар еді? Әрине, онда бүгінгі күні 
пайдаланудағы барлық суперкомпьютерлердің шектік ӛнімділіктерінің 
қосындысынан да ӛнімділігі кӛп жоғары болатын ең қуатты параллель 
компьютер алған болар едік.


67 
Уақыт ӛте келе, кезкелген пайдаланушыға ауқымды бүкіләлемдік 
желіге шығуға мүмкіндік беретін Интернет әрбір квартираға да жететіні 
анық. Онда ауқымды бүкіләлемдік есептеу желісіне де қосылу мүмкіндігін 
аламыз. Егер сізге қандай да бір есептеу жүргізу керек болса, онда сіз желіге 
қосылып, онда тапсырма бере де және нәтижесін ала да аласыз және сіздің 
тапсырмаңыздың қайда, қалай ӛңделгені маңызды емес, сіз оны білмеуіңіз де 
мүмкін. Осыдан келіп бүкіл дүние жүзі бойынша сансыз кӛп есептеу 
ресурстарын қамтитын метакомпьютерлерді құрастыру идеялары туындайды. 
Параллель есептеу жүйелерін құруда қызықты идеялар ӛте кӛп. 
Компьютерлер құрамына әртүрлі есептеу тораптары кӛптеп енгізілуде. 
Осындай құрылғылар жиынының үйлесімді жұмыс істеуін ұйымдастыру да 
ӛз алдына күрделі мәселелердің бірі. Ішкі үйлесімділікпен қатар кезкелген 
параллель компьютердің нақты есептерді шешу инструменті екенін де естен 
шығармаған жӛн.
Сонымен, алдыңғы параграфтардан параллель есептеу жүйелерін 
ұйымдастыру тәсілдерінің әртүрлі және қаншалықты кӛп екенін кӛріп 
отырмыз. Бұл жерде векторлы-конвейерлік компьютерлер, массивті-
параллель және матрицалық жүйелер, арнайы процессорлар, кластерлер, 
кӛпағынды архитектуралы компьютерлер және т.б. кӛптеген есептеу 
машиналарын айта кетеміз. Егер осы аталғандарды толық сипаттау үшін, 
жадыны ұйымдастыру, процессорлар арасындағы байланыс топологиясы, 
жекелеген құрылғылар жұмысының синхрондылығы немесе операцияларды 
орындау тәсілі сияқты маңызды параметрлер туралы мәліметтерді қосатын 
болсақ, онда түрлі архитектуралар саны шексіз кӛбейген болар еді. 
Неге параллель архитектуралар саны ӛте кӛп? Олар бір-бірімен қалай 
байланысты? Әрбір архитектураны қандай негізгі факторлар сипаттайды? 
Бұл 
сұрақтардың 
жауабын 
есептеу 
жүйелері 
архитектурасын 
классификациялау [23] арқылы алуға болады. Бұл бағыттағы жұмыстар ӛткен 
ғасырдың 60-шы жылдарының соңында М. Флин ұсынған (қазіргі уақытта да 
пайдаланылуда) классификацияның бірінші нұсқасынан кейін басталды. 
Олардың барлығы дерлік М. Флин классификациясына толықтырулар және 
түзетулер енгізу, қандай да бір жүйеге келтіру бағытында алынды. 
Қазіргі уақытта әртүрлі параметрлерге, белгілерге негізделген 
параллель есептеу машиналарының классификациялары кӛп [10]. Оларға М. 
Флин (1966 ж.), Р. Хокни, Т. Фенг (1972 ж.), Дж. Шор (1973), В. Хендлер, Л. 
Шнайдер (1988 ж.), Д. Скилликорн (1989 ж.), С. Дазгуп (1990 ж.) және т.б. 
классификацияларын жатқызуға болады.
Бұл кітапта біз М. Флин және Р. Хокни классификацияларына ғана 
тоқталамыз.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет